№1 Лот – 10 бірлік көлеміндегі қайта санау кассасына арналған 2 қалталы банкнот есептегіші
Тендерге «1-Қосымша – Тендердің әлеуетті қатысушыларын таңдау өлшемдері» файлында баяндалған критерийлерге сәйкес келетін және сынақтан өткізу үшін жабдықтарын ұсынған әлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Сатып алынатын жабдықтың техникалық сипаттамалары «2-Қосымша – Техникалық айрықшамалар» файлында берілген.
Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.
«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша (электронды) хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, уәкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Заңдық және қаржылық құжаттар топтамасын жасауға қатысты сұрақтар бойынша Владимир Морозовқа хабарласыңыз.
+7 727 2 599 710, ішкі нөмірі 5385, vmorozov@nurbank.kz
Басқа құжаттар топтамасын жасауға қатысты сұрақтар бойынша Айдана Сеитоваға хабарласыңыз.
+7 727 2 599 710, ішкі нөмірі 5246, aseitova@nurbank.kz