Кассир кассовых операций

Кассир кассовых операций

Қостанай
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  • Жеке және заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, жеке сот орындаушыларына, нотариустар мен адвокаттарға (бұдан әрі – Клиенттер) есеп-кассалық қызмет көрсету;
  • Банктің ішкі нормативтік құжаттары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік-құқықтық актілері және филиалдың операциялық қызметіне қатысты басқа реттеуші және уәкілетті органдар талаптарын білу және орындау;
  • Клиенттерге ұлттық және шетел валютасында қолма-қол ақшаны қабылдау, қайта санау, беру және айырбастау операцияларын ресми кассалық құжаттарға сәйкес жүргізу.

Білімі:

жоғарғы/аяқталмаған жоғарғы/арнайы орта білім;

Жұмыс тәжірибесі:

ЕДБ-ның, өзге де ұйымдардың кассаларындағы, бухгалтерлік бөлімшелеріндегі жұмыс тәжірибесі кемінде 6 (алты) ай немесе «Нұрбанк» АҚ-да оқудан (тағылымдамадан) 10 күннен 1 (бір) айға дейінгі мерзімде өткен жағдайда, жұмыс тәжірибесі талап етілмеуі мүмкін.

 

Лауазымдық міндеттерін атқаруына қажетті жалпы ілімдер/біліктер:

  • Компьютерде жұмыс істеу біліктілігі, MS Office стандартты пакетінің негізгі бағдарламаларын (қолданушы) білу;
  • Іскерлік қарым-қатынас орнату әдебі жайлы біліктілігі;  
  • сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу дағдысы;

Тілдерді білуі:

  • Мемлекеттік;
  • Орыс;

Ағылшын – қажет болған кезде.

23.02.2026
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз