Банктің несие портфелін жалпы көлемде және филиалдар бойынша талдау және мониторинг жүргізу; активтер мен шартты міндеттемелердің дұрыс сыныптауын бақылау; ҚЕХС және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі талаптарына сәйкес қажетті резервтерді есептеу;
Банктің кредиттік қызметін талдау, соның ішінде кепілдіктер мен аккредитивтерді қарастыру, жүргізілген талдау нәтижелері бойынша есеп дайындап басшылыққа ұсыну;
Кредиттік тәуекелдердің портфелдік талдау басқаруын жетілдіру және модернизациялау бойынша ұсыныстар әзірлеу;
ҚЕХС және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі талаптарына сәйкес резервтерді есептеу үдерісін автоматтандыру және жетілдіру бойынша техникалық талаптарды әзірлеу;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасы қаулыларына сәйкес К3 тәуекел коэффициенттерін есептеу;
Банктің несие портфелі бойынша кезеңдік стресс-тестілеуді жүргізу.
Білімі:
экономика/қаржы/техника/физика-математика салаларындағы жоғарғы білім.
Жұмыс тәжірибесі:
банк немесе қаржы саласында кемінде 2 (екі) жыл.
Ілімі мен біліктілігі:
Қазақстан Республикасындағы ЕДБ қызметін реттейтін банктік заңнама мен нормативтік құқықтық актілерін білу;
Функционалдық міндеттерін орындауға қажетті көлемде компьютерде және қолданыстағы бағдарламалық қамтамада жұмыс істеу біліктілігін меңгеру;
Атқаратын функциясының сипатына сәйкес келетін кәсіптік біліктіліктер мен мамандықтарды меңгеру;
мемлекеттік (абзалы) және орыс тілдерін білу;
жұмыстағы атқарушылық, ұқыптылық және жауапкершілік.