Қарыз алушылардың/кепілгерлердің қаржы-шаруашылық қызметін талдауға қатысу және сәйкес Уәкілетті органның/Банк комитетінің шешімімен Басқарманың қарауына берілген проблемалық несиелер бойынша өндіріп алу үшін мүлікті анықтау (бұдан әрі мәтін бойынша «Проблемалық несиелер»).
Банк Уәкілетті органының/комитетінің қарауына кепіл мүлкін соттан тыс өткізу, қарыз алушылардың/кепілгерлердің Банктен қарызын сот тәртібімен талап ету шараларын жүзеге асыру туралы ұсыныстар енгізу.
Проблемалық несиелер бойынша кепіл мүлкін соттан тыс өткізу және Қазақстан Республикасы заңнамасының және Банктің ішкі нормативтік/басқарушылық құжаттарының талаптарына сәйкес тиісті қамтамасыз ету.
Проблемалық несие бойынша несие досьесін қалыптастыру және оны ішкі нормативтік құжаттардың және нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қажетті құжаттармен толықтыру (қажеттілігіне қарай).