Бизнес Ханым

Бизнес Ханым

Әйел кәсіпкерлерге арналған несиелеу бағдарламасы
Бизнес Ханым

Мақсаттар

Айналымдағы қаражаттарды толықтыру
Инвестициялық мақсаттар
Қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру

Шарттар

Қаржыландыру валютасы

Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша KZT, USD және басқа шетел валютасы

Сыйақы мөлшерлемесі

20%-дан 21%-ға дейін (СЖТМ 23,7%-дан 29,9%-ға дейін)*

Несиелеу түрі
  • Банктік қарыз
  • Қайта жаңартылатын/қайта жаңартылмайтын кредит желісі
Кредиттеу мерзімі
  • Инвестициялық мақсатқа - 84 айға дейін
  • Айналымдағы қаражаттарды толықтыру – 60 айға дейін

Транш кредит желісінің шеңберінде:

  • айналымдағы қаражаттарды толықтыруға – 24 айға дейін
  • инвестициялық мақсаттарға - 84 айға дейін
Қарыз сомасы

100 000 000 теңгеге дейін, немесе Банктің бағамын пайдалана отырып, шетел валютасындағы баламасы

Өтеу кестесі
  1. Негізгі қарыз – ай сайын сараланған төлемдермен Сыйақы – ай сайын
  2. Негізгі қарыз – ай сайын аннуитетті төлемдермен Сыйақы – ай сайын
  3. Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша 100% ақшалай кепілсалыммен қамтамасыз еткен жағдайда негізгі қарызды өтеу кестесі қарыз алушымен келісе отырып белгіленеді.  Сыйақы төлеу – ай сайын
Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдік кезең
  • Айналым қаражаттарын толықтыруға – 6 айға дейін
  • Инвестициялық мақсаттарға – 12 айға дейін
Комиссиялар

Банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес**

Қамтамасыз ету
  • Жылжымалы мүлік
  • Жылжымайтын мүлік
  • 100% мөлшерінде шотқа салынған ақшалай кепілсалым
  • «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның кепілдігі

*Сыйақы мөлшерлемелері Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімімен бекітілген (27.03.2025 жылғы №32-2 Хаттамаға №1 Қосымша)

** Егер Банк пен қаржы агенттігі арасына жасалған келісіммен және/немесе ҚР заңнамасымен және/немесе мемлекеттік бағдарламалардың шарттарымен және/немесе Банктің Уәкілетті органының шешімімен қарастырылған болса,  тарифтер мемлекеттік бағдарламалар бойынша мөлшерде қолданылмайды/қолданылады.

Кеңес алу

Жиі қойылатын сұрақтар

Кәсіпкерлік үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлікті сатып алуға арналған ең жоғары несие сомасы қандай?

«ШОБ Жылжымайтын мүлік» несиелендіру бағдарламасы бойынша ең жоғары несие сомасы 1 000 000 000 теңгені немесе шетел валютасындағы баламасын құрайды.

Бизнес Оңай кредиттік бағдарламасы кімге арналған?

Бизнес Оңай кредиттік бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, соның ішінде микрокәсіпкерлікке, айналым қаражатын толықтыру, инвестициялық мақсаттар, басқа банктерден алынған несиелерді қайта қаржыландыру үшін, несие сомасы 20 000 айлық есептік көрсеткішке дейін және ең аз құжаттар пакетімен арналған.

Бизнесті автокөлікпен қамтамасыз ету үшін ең ұзақ несие мерзімі қандай?

Бизнесті автокөлікпен қамтамасыз ету үшін несие мерзімі 7 жылға дейін.

Сонымен қатар, несие мерзімі сатып алынған автокөліктің пайдалану мерзімінен аспауы тиіс.

Овердрафтың максималды сомасы қандай?

Овердрафтың максималды сомасы Банктегі таза орташа айлық несиелік айналымдардан 40% және басқа банктердегі таза орташа айлық несиелік айналымдардан 15% құрайды.

Қандай жобаларға ШОБ Бизнес несиесін алуға болады («жасыл» қаржыландыру)?

ШОБ Бизнес несиелеу бағдарламасы бойынша несие алу («жасыл» қаржыландыру) ресурстардың барынша тиімді пайдаланылуына, қоршаған ортаға кері әсерді төмендетуге, энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеруінің әсерін жұмсартуға және оған бейімделуге бағытталған, бекітілген жіктеме негізінде анықталған «жасыл» жобаларға беріледі.

*Жасыл жобаларды қаржыландыруға арналған жіктеме (таксономия), «жасыл» облигациялар және «жасыл» несиелер арқылы қаржыландыруға жататын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 996 қаулысымен бекітілген

МСБ Жылжымайтын мүлік кредит бағдарламасы аясында негізгі қарызды төлеу үшін жеңілдікті кезең бар ма?

Негізгі қарызды төлеу бойынша жеңілдікті кезең - 12 айға дейін (Банктің уәкілетті органының шешімі бойынша)

«Бизнес оңай (кепілсіз)» кредиттік бағдарламасы бойынша қандай мақсаттар үшін несие алуға болады?

«Бизнес оңай (кепілсіз)» кредиттік бағдарламасы аясында айналым қаражатын толықтыруға несие алуға болады

Мен бір жыл бұрын басқа банкте кредит бойынша кешігу болған жағдайда, Бизнес Оңай (кепілсіз) кредит беру бағдарламасы бойынша кредит ала аламын ба?

Бизнес Оңай (кепілсіз) кредит беру бағдарламасы бойынша кредит алу үшін соңғы 3 жылда банктің ішкі құжаттарына сәйкес анықталатын жағымды кредит тарихының болуы міндетті болып табылады.

Нұр-сенім» несие бағдарламасы дегеніміз не?

Бұл несие кем дегенде 12 ай жұмыс істеген, құжаттар тізімі бойынша минималды талаптары, оңайлатылған қаржылық талдау мен қаржыландыру туралы шешімді тез қабылдау мерзімдерімен жеке кәсіпкерлерге/заңды тұлғаларға арналған.

Бизнес Оңай (кепілсіз) несиесін қайта құрылымдай аламын ба?

Банк қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауын және төлем тәртібін ескере отырып, несиені қайта құрылымдау мүмкіндігін қарастыруы мүмкін.

Бизнес Ханым несие бағдарламасын кім пайдалана алады?

Бағдарлама шағын, орта және микрокәсіпкерлік санаттарына жататын, ҚР заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер түрінде жүзеге асыратын әйел кәсіпкерлерге арналған, сондай-ақ заңды тұлғалар:

- жарғылық капиталындағы әйелдердің қатысу үлесі кемінде 51 (елу бір) пайыз болатын (ЖШС үшін)/ дауыс беретін акцияларының 51 (елу бір) және одан да көп пайызы әйелге тиесілі (АҚ үшін)/жыл ішінде заңды тұлғаның бірінші басшысы әйел болып табылатын жағдайларда.

Бизнестің Ханым бағдарламасы бойынша қандай мақсаттарға қаржыландыру алуға болады?

Кредитті айналым қаражатын толықтыруға, бизнесті дамыту инвестицияларына және қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыруға пайдалануға болады.

Бизнес Ханым бағдарламасы бойынша өтінімді қалай беруге болады?

Өтінімді банкінің кез келген бөлімшесінде рәсімдеуге болады.

Әйел кәсіпкерлер үшін жеңілдетілген шарттар қарастырылған ба?

Иә, бағдарлама шеңберінде төмендетілген сыйақы мөлшерлемелері мен кепілзатқа жеңілдетілген талаптарды қоса, арнайы шарттар қарастырылған.

Бизнес Ханым бағдарламасына қатысты кеңес алуға бола ма?

Иә, біздің мамандар барлық сұрақтарға жауап беруге дайын. Сіз банк бөлімшесіне жүгіне аласыз немесе сайтта кеңес алуға өтінім қалдыра аласыз.