ЕСімізге түсірейік, Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) «Нурбанк» АҚ-на коммерциялық банктер арқылы өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды ұзақ мерзімге несиелендіру үшін 4 млрд теңге бөліп отыр. Несиелік қаражат Ұлттық қордан Үкімет пен Ұлттық банктің кәсіпкерлік субъектілерін өңдеу өнеркәсібінде қаржыландыру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары аясында берілді.
Бағдарламаға жалпы он үш екінші деңгейлі банк (ЕДБ) қатысып отыр. Олардың барлығымен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі Банк, ҚДБ) ағымдағы жылдың 9 желтоқсанында Алматыда сәйкес кредиттік келісімдерге қол қойды. Қаржыландырудың бекітілген схемасына сәйкес «Бәйтерек» холдингі Даму Банкіне ЕДБ арқылы өңдеу өнеркәсібі жобаларын ұзақ мерзімге несиелендіру үшін Ұлттық қордан 50 млрд теңге қарыз береді. Жалпы 23 сала қамтылған, оның ішінде азық-түлік өнімдері, киім, қағаз бұйымдары, мұнай өңдеу және т.б. он үш серіктес банктің тізімі мен әр банкке арналған қаржыландыру лимиттері Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен бекітілген: «Народный банк Казахстана» АҚ (8 млрд теңге), «Казкоммерцбанк» АҚ (8 млрд теңге), «Сбербанк России» АҚ ЕБ (4 млрд теңге), «Евразийский Банк» АҚ (2 млрд теңге), «Банк Центр Кредит» АҚ (3 млрд теңге), «Цеснабанк» АҚ (3 млрд теңге), «Казинвестбанк» АҚ (3 млрд теңге), «Delta Bank» АҚ (3 млрд теңге), «Темірбанк» АҚ (3 млрд теңге), «Нурбанк» АҚ (4 млрд теңге), «AsiaCreditBank» АҚ (3 млрд теңге), «Bank RBK» АҚ (3 млрд теңге), «АТФ Банк» АҚ (3 млрд теңге).
Екінші деңгейлі банктер арқылы соңғы қарыз алушылар үшін Үкіметтің 05 желтоқсандағы №1276 қаулысымен бекітілген несие шарттары:
Банктік аралық қаржыландыру шарттары бойынша серіктес банктер бөлінген қаражатты ағымдағы кредиттерді қайта қаржыландыруға немесе шетел валютасын сатып алуға жіберуге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ акцизделетін өнімдерді өндіру және мемлекетке 51% және одан көп үлес тиесілі немесе құрылтайшылары ұлттық компаниялар немесе холдингтер болып табылатын ұйымдарға кредит беруге болмайды. Несиелік ресурстарды игеру мерзімі 18 айды құрайды, Даму Банкі мақсатты пайдалану мониторингін тұрақты түрде жүргізеді.