«Нұрбанк» АҚ (әрі қарай - Банк) 2013 жыл үшін 2014 жылғы 23 желтоқсанда Банктің артықшылықты акциялары бойынша (ISIN – KZ1P33110118) бір артықшылықты акцияға 1000 теңге мөлшерінде дивидендтер төлемі туралы хабарлайды.
Қысқаша мәліметтер:
- Қоғам атауы – «Нұрбанк» АҚ;
- Орналасқан жері – Қазақстан Республикасы, 050004, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 51-53;
- Банктік және өзге реквизиттер – СТН 151000015914, КИИK KZ61125KZT1001300296 ҚР Ұлттық банкі, КБе14, БИК NBRKKZKX, Банктің БИК NURSKZKX, БСН 930 940 000 164;
- Дивидендтер төленетін кезең – 2013 жыл;
- Артықшылықты акциялар иелерінің тізілімін тіркеу күні – 2014 жылғы 22 желтоқсан;
- Дивидендтер төлемінің күтілген күні – 2014 жылғы 23 желтоқсан;
- Дивидендтер төлеу тәртібі мен формасы – тізілімге сәйкес артықшылықты акциялар иелерінің есеп айырысу шоттарына аудару арқылы.