Нұрбанк «Open24» Интернет-банкингінің жаңа нұсқасын іске қосты

Нұрбанк «Open24» Интернет-банкингінің жаңа нұсқасын іске қосты

Құрметті клиенттер,

«Нұрбанк» АҚ 2014 жылғы 1 желтоқсанда жеке тұлғаларға арналған «Open24» Интернет-банкингінің жаңа нұсқасын іске қосатынын хабарлайды.

Біз сіздің ыңғайлылығыңыз үшін дизайнды жаңартып, жаңа функционал қостық.

Енді Интернет-банкингте жұмыс істеу одан да қарапайым, жеңіл және жылдам болды.

Жаңа Интернет-банкинг алдыңғы нұсқасынан мүлдем өзгеше - жеңіл, «достық», түсінікті және логикалық құрылымға ие. Әзірлеушілер әрбір клиент Интернет-банкингті интуитивті түрде қолданып, оны жекешелендіруге мүмкіндік беретін етіп жасауға тырысты.

Жаңа Интернет-банкингте ыңғайлы әрі пайдалы функция «ақпараттық виджеттер» жүзеге асырылды, олар «Интернет-банкинг» жүйесінің басты терезесінде орналасады және клиенттің депозиттік, ағымдағы және карт шоттарының жағдайы, төлем карталарының тізімі, Банктан келіп түскен хаттар т.б. туралы мәліметтерді көрсетеді. Таңдау үшін ұсынылған келесі виджеттер:

  • Төлем карталары;
  • Шоттар;
  • Кредиттер;
  • Депозиттер;
  • Соңғы операциялар;
  • Валюта курстары;
  • Қызметтерді төлеу;
  • Жаңалықтар;
  • Пошта.

Сіз «ақпараттық виджеттерді» өзіңіз қоса аласыз. Болашақта «ақпараттық виджеттердің» мүмкіндіктері кеңейтілетін болады.

Тағы бір жаңалық - «Төлемдер» бөлімінің басты бетінде «Менің қызметтерім» тобы пайда болды. Бұл топ жиі қолданылатын қызметтерді жылдам төлеу үшін әзірленген.

Сіз қай қалада болсаңыз да, Қазақстанның барлық аймақтарында төлемдер енді қолжетімді болды.

Біз Интернет-банкинг «Open24» жүйемізді одан әрі дамытып, оны қызықты шешімдермен және функционалмен толықтырмақпыз. Жаңалықтарды оқып, жаңа әзірлемелер жөнінде хабарландыруларды күтіңіз.

Бізбен бірге болғаныңызға рахмет!

13.11.2014