S&P АҚ «Нұрбанктің» рейтингтерін көтерді

S&P АҚ «Нұрбанктің» рейтингтерін көтерді

Халықаралық рейтингілік агенттік «Standard & Poor's» Нұрбанктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелік рейтингтерін «В-/С» бастап «В/В»-ге дейін көтерді және ұлттық шкала бойынша рейтингін «kzBB-» бастап «kzBB+»-ке дейін жақсартты. Болжам – тұрақты.

АО «Нұрбанк» Басқарма Төрағасының орынбасары Рауан Дәукеновтың айтуынша, рейтингтердің көтерілуіне 2012 жылдың қараша айында проблемалық несиелерді коллекторлық компанияларға 47,3 млрд теңгеге сатқаннан кейін Нұрбанктің капитализация көрсеткіштерін жақсарту ықпал етті. 

S&P аналитиктерінің мәліметінше, «тұрақты» болжам банктің орташа бизнес-позициясын, капитализация мен рентабельділіктің көрсеткіштерін, қаржыландыру мен өтімділіктің қалыпты көрсеткіштерін, депозиттер есебінен тұрақты қаржыландыруды және ашық нарықта ірі қарыздардың болмауын көрсетеді. 

Сонымен қатар, рейтингтерді көтеру S&P агенттігінің келесі екі жылда банк жоғары капитализация көрсеткіштерін қолдайды, ал оның рентабельдік пен активтер сапасы жаңа бизнесті дамыту нәтижесінде біртіндеп жақсара бастайды деген пікірімен негізделеді. 

«Ішкі және сыртқы қаржы нарықтарындағы ағымдағы тұрақсыз жағдайларда жоғары халықаралық рейтингтердің расталуы «Нұрбанктің» бизнес-позициясын нығайтуын, оның жоғары несие қабілеттілігі мен сенімділігін көрсетеді. Біз әрі қарай да банктің активтерінің сапасын жақсарту бағытында жұмыс істейтін боламыз» — деп атап өтті Р. Дәукенов.

25.01.2013