Нұрбанк АҚ MasterCard ХЖЖ төлем карталарын шығару мен қызмет көрсетуді бастады

Нұрбанк АҚ MasterCard ХЖЖ төлем карталарын шығару мен қызмет көрсетуді бастады

Құрметті клиенттер!

Нұрбанк АҚ MasterCard Халықаралық Төлем Жүйесінің төлем карталарын шығару мен қызмет көрсетуді бастағанын қуана хабарлайды және мынандай төлем карталарының түрлерін ұсынады:

Cirrus maestro
Ең демократикалық өнім. Сізге банкоматтар мен POS-терминалдарда қолма-қол ақша алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бүкіл әлем бойынша POS-терминалмен жабдықталған сауда нүктелерінде сатып алуларды төлеуге мүмкіндік береді.

MasterCard Standard
Кең таралған карталардың түрі, респектабельді адамдар үшін, сізге картамен несиелер алуға, банкоматтар мен POS-терминалдарда қолма-қол ақша алуға, сауда нүктелерінде және интернетте сатып алуларды төлеуге, автомобиль жалдауға, қонақ үй брондауға мүмкіндік береді.
MasterCard Gold
Байлық белгісі және сіздің мәртебеңізді қолдау. Gold карталар өз иелеріне ең көп мүмкіндік пен жайлылық береді, өйткені бүкіл әлемде оларды VIP-клиенттер санаты бойынша қызмет көрсетеді. Gold картасы әрқашан абырой мен табыстың символы болған.
MasterCard Corporate
Іскер адамдарға арналған корпоративтік өнім. Бұл ұстаушыға өкілдік шығындарды төлеуге, іссапарларда, бизнес-саяхаттарда шығындарды жабуға, автомобиль жалдауға, қонақ үй брондауға мүмкіндік береді.

MasterCard ХЖЖ - ең жетекші халықаралық төлем жүйелерінің бірі, төлемдер мен технологиялар саласында жұмыс істейтін жаһандық компания. Ол тұтынушыларды, қаржы институттарды, сауда ұйымдарды, мемлекеттік және іскерлік құрылымдарды әлемнің 210-нан астам елінде байланыстыратын әлемдегі ең жылдам төлемдер өңдеу желісін басқарады.

23.11.2012