Нұрбанк 150 млн АҚШ долларына бесжылдық еурооблигацияны өтеді

Нұрбанк 150 млн АҚШ долларына бесжылдық еурооблигацияны өтеді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Алматы
2011 жылғы 17 қазан

«Нұрбанк» АҚ-ның акциялары мен облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) «А» санатының ресми тізімінде сатылатын, 2006 жылы 150 миллион АҚШ доллары сомасында шығарылған бесжылдық еурооблигацияны толығымен жоспарлы өтеуді жүзеге асырды, жартыжылдық купондық сыйақысы жылдық 9,375% құрайды. Бұл өтеу Банктың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

Қазіргі уақытта, Банкта басқа ірі сыртқы қарыздар жоқ, және сыртқы қарыз алулардың Банктың қаржыландыру базасына үлесі ҚР-ның ең ірі 10 банкінің арасында ең төмен деңгейде. Банктың халықаралық инвесторлар алдындағы сыртқы міндеттемелерін уақытында толық орындауы оның өтімділік және сенімділік деңгейінің жеткілікті екенін көрсетеді.

«Біз халықаралық инвестициялық қоғамдастық бұл жағдайды Банктың болашақта халықаралық капитал нарықтарына шығуы үшін оң белгі ретінде қабылдайды деп үміттенеміз. Жақын арада біз жаңа еурооблигация шығаруды жоспарламаймыз, бірақ нарықтағы оң жағдай болған жағдайда бұл қадамды жоққа шығармаймыз», - деді «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рауан Даукенов. — Банк инвесторларға көрсеткен сенімдері үшін алғыс білдіреді, сондай-ақ көрсетілген шығарылым аясында атқарған жұмысы үшін мәміле ұйымдастырушыларына алғыс айтады.

2011 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша консолидирленген қаржылық есеп бойынша таза пайда 794,7 млн теңгені құрады. 2011 жылдың 1 шілдесіндегі активтер — 308,8 млрд теңге, жеке капитал — 71,2 млрд теңге.

17.10.2011