Алматы
Нұрбанк жеке тұлғалардың ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры бөлген қаражатты толық игерді.
Бұған дейін, 2009 жылдың шілде айында Нұрбанк «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен келісімшартқа қол қойып, ипотекалық несиелерді қайта қаржыландырудың Мемлекеттік бағдарламасына қатысушы атанған болатын.
Бағдарлама аясында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры «Нұрбанк» АҚ-на жеке тұлғалардың ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру мақсатында 1 миллиард теңге бөлді, игеру мерзімі — 2009 жылдың 1 қазаны.
2009 жылдың 1 қазанына дейін «Нұрбанк» АҚ ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша 1 миллиард теңге сомасына 379 өтінімді мақұлдады.
Жеке тұлғалардың ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыруға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен бөлінген қаражат «Нұрбанк» АҚ арқылы белгіленген мерзімде игерілді.