БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Кеше Ашғабадта Нұрбанк пен Исламдық инвестицияларды сақтандыру және экспорттық несие беру корпорациясы (ICIEC) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Сол арқылы Нұрбанк Қазақстан банктерінің ішінде бірінші болып клиенттеріне ICIEC-ке мүше елдермен сауда және инвестиция операциялары бойынша $150 млн. АҚШ долларына дейін сақтандыру және экспорттық қаржыландыру қызметтерін ұсыну мүмкіндігін алады. ICIEC тарапынан келісімге Бас директор доктор Абдел Рахман Таха, ал Нұрбанк тарапынан басқарма төрағасы Марат Заиров қол қойды.

Бұл Меморандумға қол қою Ислам даму банкінің топ басқарушылар кеңесінің 34-ші жылдық отырысы аясында өтті. Келісімге қол қоюды түсіндірген доктор Таха: «Әлемдік қаржы дағдарысы және оның салдарынан рецессия әлем елдерінің экономикасын жалғасып жатқан уақытта, экспорттық несие беру маңызды рөлге ие болады» деп атап өтті.

ICIEC Ислам даму банкінің (ИДБ) бөлімшесі болып табылады. ICIEC құрудың негізгі мақсаты ИДБ тобындағы экспортты және ішкі сауданы ынталандыру стратегиясын күшейту және шетелдік инвестицияларды тартуда көмек көрсету болып табылады. Қазіргі кезде ICIEC-тің мүше елдерінің саны 37, оның ішінде 17 араб елі, 13 африкалық ел және 9 азиялық және еуропалық елдер бар. ICIEC Moody's агенттігінен «AAA» рейтингін алған және әлемдегі жетекші сақтандыру компанияларымен тығыз жұмыс жасауда. Бүгінгі таңда ICIEC мүше елдерінің сауда және инвестицияларын $5 миллиард доллардан астам сомаға қолдады. Қазақстан 2005 жылдан бастап Ислам инвестицияларды сақтандыру және экспорттық несие беру корпорациясының мүшесі болып табылады.

Бұрын, 2009 жылы сәуір айында Нұрбанк Ислам даму банкінің тағы бір еншілес ұйымы — Исламдық сауда қаржыландыру корпорациясынан шағын және орта бизнесті қаржыландыру мақсатында қаражат тартқан болатын.

Келісімге қол қойылуына ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында Сауд Арабиясына Зайыровтың іссапары ықпал етті. Іссапар барысында Ислам даму банкінің президенті доктор Ахмад Мохаммед Али Аль-Мадани, вице-президент Абдул Азиз Ал Хинай және ИДБ еншілес ұйымдарының басшыларымен: Исламдық инвестицияларды сақтандыру және экспорттық несие беру корпорациясы (ICIEC), Жеке секторды дамыту ислам корпорациясы (ICD), Халықаралық Ислам сауда-қаржылық корпорациясы (MITFC) және бірнеше сауд банктерімен кездесулер өтті.

ИДБ президенті доктор Ахмад Мохаммед Али Аль-Маданимен кездесуде мырза Заиров Қазақстанның банк секторындағы ағымдағы жағдайды, экономика саласын қолдауға қабылданған шараларды, елдегі исламдық қаржыландыру дамуының перспективаларын және MITFC несиелік желісін дамыту барысын баяндады. ИДБ президенті өз тарапынан Нұрбанктің әртүрлі жобалар және әріптестік салалары бойынша ұсыныстарын қарастыруға дайын екендігін айтты.

Сонымен қатар, іссапар барысында Жеке секторды дамыту исламдық корпорациясымен (ICD) бірлескен инвестициялық жобаларды қаржыландыру болашағы талқыланды. ИДБ тобының басшылары Нұрбанктің Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына тартылған кәсіпорындарды қаржыландыру бағдарламасына ерекше қызығушылық танытты.

 

Нұрбанк Қазақстанның ең ірі он банкінің қатарына кіреді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы аудиторлық шоғырландырылған қаржылық есептілігі нәтижелері бойынша банктің активтері 298,8 млрд. теңгені құрады, 2008 жылғы 1 қаңтарда 198,7 млрд. теңге, депозиттік база 185,5 млрд. теңге болды, бір жылда 126,7 млрд. теңгеге өсті.

04.06.2009