25 шілдеде «Кен Дала» бизнес орталығында орналасқан Нұрбанктің VIP-орталығында төрт «Хюндай Гетц» автокөлігінің ұтысы өтті.
Бұл Нұрбанктың «Бақыт толқыны» акциясы аясында өткізілген екінші ұтыс болып табылады.
Екінші ұтыстың жеңімпаздары және жаңа автомобильдің иелері: Ақтаудан Рзағүл Салыкова, Алматыдан Раиса Жұмаханова, Атыраудан Аслан Серікқалиев және Павлодардан Татьяна Тополь. Екінші ұтыстың жеңімпаздары автокөліктерін алып кетті.
Алматылық Раиса Жұмаханова сыйлығын алуға ұлымен, Ерланмен, бірге келді. Оның да Нұрбанкте салымы ашылған. Ерлан келесі ұтыста оған да сәттілік күлетініне үміттенеді. Жұмахановтар отбасы Нұрбанктің клиенті бірнеше жыл бұрын болған, ал сәуір айында «Бақыт толқыны» акциясы туралы біліп, бірнеше салым ашып, оларға сәттілік күлімдеді.
— Нұрбанкте салымдар ашып, біз әрине сәттілік күттік. Бірақ автокөлікті ұттық деген жаңалық бізді таңқалдырды. Әр күн сайын мұндай сыйлықтар ала бермейсиың. Біз әлі күнге дейін автокөлік ұттық дегенге сене алмаймыз. Барлық достарымызға және туыстарымызға айтамыз: егерде қаражатыңыз бар болса, Нұрбанкке салым ашу керек! - деген әсерлерін Жұмахановтар отбасы бөлісті.
Ұтыстың үшінші және төртінші кезеңдері 15 қазанда және 25 желтоқсанда өтеді. Акцияға кез келген уақытта қатыса аласыз, Нұрбанктегі келесі шарттарға сай келетін кез келген салымды ашып: орналастыру мерзімі кемінде 6 ай, салымның минималды мөлшері 50 000 теңге немесе 400 доллар немесе евро. Нұрбанк барлық клиенттеріне «Бақыт толқынын» ұстауды тілейді!