«Нұрбанк» АҚ халықаралық синдикатталған қарызды өтеді

«Нұрбанк» АҚ халықаралық синдикатталған қарызды өтеді

Бүгін «Нұрбанк» АҚ-ның еншілес компаниясы NurFinance B.V. 135 миллион доллар көлеміндегі синдикатталған қарызды өтеді.

Аталған қарыз «Нұрбанк» АҚ-ына 2005 жылдың қазан айында 12 ай мерзімге шетелдік банктер синдикаты тарапынан берілген болатын. Сонымен қатар, банке қарыздың кейінгі 12 айға ұзарту опциясы ұсынылды. Бастапқы қарыз сомасы 100 миллион долларды құрады. 2006 жылдың қазан айында ол келесі мерзімге ұзартылды. Қарызды ұйымдастырушылар ING Bank N.V. (Нидерландия) және Citigroup (АҚШ) болды.

Шетелдік несие берушілер алдындағы міндеттемелерді өтеу банкке қиындық тудырмады, әрі «Нұрбанк» АҚ қазіргі уақытта Қазақстанның банкаралық заемдар нарығында нетто-несие беруші болып табылады. Бұл банктің өзінің өтімділік жағдайын жақсарту үшін қабылдаған шаралары, сондай-ақ банктің активтері мен міндеттемелерін барабар басқаруы нәтижесінде мүмкін болды. Халықаралық блокты қадағалайтын басқарма төрағасының орынбасары Арыстанбек Құрманғалиевтің айтуынша, «Нұрбанк» АҚ банктік секторының шетелдік инвесторлар алдындағы барлық міндеттемелерін толық көлемде және уақытында орындай алатындығын практикалық түрде дәлелдеді.

«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының он ірі банктерінің қатарына кіреді. 2007 жылдың 1 қазанына банктің активтері 203 060 336 мың теңге болды, банктің жеке капиталы 44 376 550 мың теңге болса, жарғылық капиталы 27 119 505 мың теңгені құрады.

23.10.2007