«Нурбанк» АҚ басқарма төрағасының қызметіне жаңа төраға тағайындалды
2007 жылдың 4 қыркүйегінде өткен «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің отырысында басқарма төрағасының қызметіне Нурмухамед Бектемисов сайланды.
««Нурбанк» АҚ ірі акционері Нуралы Әлиевтің айтуы бойынша, «мырза Бектемисов халықаралық капитал нарықтарында да, Қазақстанның қаржы секторында да жұмыс тәжірибесі бар. Біз мұндай деңгейдегі кәсіпқойдың келуі банктің табысты дамуының жаңа кезеңінің бастамасы болатынына сенімдіміз».
Бұл тағайындау Нурбанктің нарықтағы позициясын нығайтуға бағытталған міндеттерді жүзеге асырудағы алғашқы қадам болып табылады. Өз кезегінде, мырза Бектемисов, оның пікірінше, «Нурбанк» АҚ жаңа сапалы деңгейге көтерілуі үшін ішкі кадрлық және технологиялық потенциалдың жеткілікті екенін ескертті. «Біздің стратегиямызға келетін болсақ, алдымен жеке тұлғалармен және ШОБ сектормен серпінді жұмыс істейміз. Әрине, банк корпоративтік клиенттермен кешенді қызметтер көрсете отырып жұмысын жалғастырады. Банктің айқындығын арттыру, клиенттер мен қаржы нарығының барлық қатысушылары үшін ашықтығы басты міндеттердің бірі болмақ. Мұндай міндеттер кәсіби команда жұмысының үйлесімділігін талап ететіні анық. Кадрлық саясатқа, персоналды оқыту мен дамытуға ерекше назар бөлінетін болады», — деп сипаттайды мырза Бектемисов.
Қысқаша анықтама:
Нурмухамед Бектемисов 2006 жылдың мамыр айынан бастап «Банк Каспийский» АҚ басқарма төрағасы болған. 2005 жылдың ақпанынан бастап «Банк Каспийский» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2004 жыл бойы мырза Бектемисов Қазақстанның Инвестициялық қорында басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. 2004 жылға дейін Лондонда Goldman Sachs International және Morgan Stanley International жетекші батыс инвестициялық банктерінде жұмыс істеп, инвестициялық-қаржылық тәжірибесін жинады.
Мырза Бектемисов О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатын бітірді, Пенсильвания Университетінің экономика бакалавры, Гарвард бизнес мектебінің MBA дәрежесін алды.
«Нурбанк» АҚ Қазақстанның ең ірі он банктерінің қатарына кіреді. 2007 жылдың 1 шілдесіне банктің активтері 190 082 547 мың теңгені құрады, банктің жеке капиталы 36 832 826 мың теңгеге жетті. 2007 жылдың жазында банктің жарғылық капиталы 11,6 млрд теңгеге артты, сөйтіп 27 029 690 мың теңгеге жетті.
05.09.2007