Алаяқтар ұйықтамайды және кез келген мүмкіндікті пайдаланады. Банктегі деректеріңіз және қаражатыңыз бойынша қоңырау шалынғанда абай болыңыз және сақ болыңыз.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде соңғы уақытта "алматылық трагедия" тақырыбын қолданып жатқан алаяқтардан қоңыраулардың жиілегенін хабарлайды.
Бұл қалай жүреді?
— Алаяқтар тонаушылардың банк бөлімшелеріне кіргеннен кейін клиент деректеріне қол жеткізгенін хабарлайды.
— Клиенттің жеке деректерін қорғау үшін жіберілген растайтын кодты дереу хабарлау қажет.
Егер сізге осындай қоңырау келсе, әңгімеге түсіп қалмаңыз, телефонды қойыңыз және біздің ыстық желі телефонына қоңырау шалыңыз — 2552.