ISO 20022 стандартына көшу

ISO 20022 стандартына көшу

2025 жылдың 13 қаңтарында Қазақстанның төлем жүйесі ISO 20022 стандартына көшеді. 

ISO 20022 – қаржылық ұйымдар арасында электрондық хабарламалар алмасудың халықаралық стандарты. Өзгертулер теңгемен жасалатын сыртқы төлемдерге қатысты.

Астана уақыты бойынша 10.01.2025 ж. 18:00-ден бастап 13.01.2025 ж. 09:00-ге дейінгі кезеңде Банкте, оның ішінде «Нұрбанк» АҚ-ның мобильді қосымшаларында келесі операциялар қолжетімді болмайды: 

- ағымдағы шоттар арасында басқа банктерге аударымдар (жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың).

- мемлекеттік бюджетке төлемдер – айыппұлдар, салықтар мен басқа да мемлекеттік баж төлемдері.  

Төлем карталары, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақшалар алу, ұялы байланыс үшін төлем жасау бойынша есеп айырысулар мен басқа да операциялар штатты режімде қолжетімді болады. 

Мобильді қосымшадағы және Банк бөлімшелеріндегі барлық қызметтер 13.01.2025ж., дүйсенбі күні сағат 09:00-ден бастап қайтадан қолжетімді болады. 

10.01.2025