Бейрезиденттердің ұлттық валютаға қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу операцияларын жүргізуге байланысты өзгерістер туралы хабарлаймыз.
Қазақстанда 2025 жылдың 14 наурызынан бастап Ұлттық Банк Басқармасының 2019 жылдың 30 наурызындағы № 40 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) енгізілген өзгертулер күшіне енеді.
Қағидаларға 16-2, 16-3 және 16-4-тармақтары енгізілді:
«16-2. Жүргізілуі Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарын орындаудан жалтаруға бағытталуы мүмкін валюталық операцияларға:
1) бір бейрезидентпен жасалған екі немесе одан да көп валюталық шарт бойынша осындай валюталық шарттарға есептік нөмір берілуі тиіс шекті мәннен асатын жалпы сомаға бір тұлғаның күнтізбелік бір ай ішіндегі төлемдері және (немесе) ақша аударымдары;
2) егер ұлттық валютадағы ақшаның шығу көзі бейрезиденттің резидентке тауарларды сатудан (жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден), өзге де қаржы активтерін ұлттық валютаға сатудан, Қазақстан Республикасының аумағындағы қызметтен ұлттық валютада дивидендтер алудан, мемлекеттік кірістер органдарының бұрын бейрезидент төлеген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді және ұлттық валютаның өзге де экономикалық негізделген шығу көздерін қайтарудан түскен ақшаны алуына байланысты болмаса, бейрезиденттің баламасында елу мың АҚШ долларынан асатын сомаға ұлттық валюта үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасын бір уәкілетті банктен бір жұмыс күні ішінде сатып алу операциялары жатады.
16-3. Қағидалардың 16-1 және 16-2-тармақтарында көрсетілген валюталық операцияларды жүргізу кезінде резидент уәкілетті банкке осы төлем және (немесе) ақша аударымы туралы ақпаратты валюталық бақылау органдарына және құқық қорғау органдарына ұсынуға рұқсат береді.
Валюталық операцияларды жүзеге асыратын резидент немесе бейрезидент болып табылатын уәкілетті банктің клиенті уәкілетті банктің талабы бойынша уәкілетті банкке «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң) талаптарына сәйкес операцияға мониторинг жүргізу және оны зерделеу үшін қажет құжаттар мен ақпаратты ұсынады.
16-4. Қағидалардың 16-1 және 16-2-тармақтарында көрсетілген валюталық операцияларды жүргізу кезінде уәкілетті банк КЖТҚҚ туралы заңның 11-бабына сәйкес әзірленіп, қабылданған ішкі бақылау қағидаларында көзделген клиенттердің операцияларын мониторингтеу және зерделеу бағдарламасына сәйкес осындай операцияға мониторинг жүргізеді және оны зерделейді.».
Осы өзгертулерге сәйкес бейрезиденттердің баламасында елу мың АҚШ долларынан асатын, ұлттық валюта үшін қолма-қол ақшасыз шетел валютасын сатып алу бойынша операциялар жүргізу кезінде келесі құжаттар, бірақ олармен шектелмей сұратылады:
Егер сізде қандай да бір сұрақтар туындаса немесе қосымша ақпарат қажет болса, біздің мамандар сізге түсініктемелер мен көмек көрсетуге әрқашан дайын.