Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы

«Нұрбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2025 жылдың 18 сәуірінде өтетінін хабарлаймыз. 

2025 жылдың 11 наурызында «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі шешім қабылдады: 

«Нұрбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2025 жылғы 18 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында орналасқан «Нұрбанк» АҚ ғимаратында шақыру және өткізу. 2025 жылғы 18 сәуірдегі «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында кворум болмаған жағдайда, «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2025 жылғы 21 сәуірде Алматы уақыты бойынша сағат 10.00-де жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша қайта өткізіледі. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына және «Нұрбанк» АҚ жарғысының 20-бабының 12-тармағына сәйкес «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының мынадай күн тәртібі белгіленсін: 1) Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту. 2) «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау. 3) «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау. 4) «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің сайланатын мүшелеріне сыйақы төлеу, шығыстарын өтеу мөлшері мен шарттарын анықтау. «Нұрбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысуға және оған дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні – 2025 жылғы 13 наурыз деп белгіленсін.

17.03.2025