Нұрбанк Pay Dala терминал желісіне қосылды

Нұрбанк Pay Dala терминал желісіне қосылды

Енді сізде Қазақстанның барлық аумағында орнатылған Pay Dala терминалдары арқылы (2 400 терминал) Нұрбанк кредиттерін өтеуге және депозитті толықтыруға қосымша мүмкіндігіңіз бар

Pay Dala арқылы Нұрбанк клиенттеріне қандай қызметтер қолжетімді:

  • депозитті толықтыру
  • кредитті өтеу

Сізге арналған артықшылықтар:

  • Pay Dala терминалдары еліміздің әрбір ірі қаласында орнатылған
  • төлемдер мен қызметтердің 200-ден астам түрі қол жетімді
  • интерфейс интуитивті түсінікті және ыңғайлы
  • қаражатты жедел есепке алу
  • операцияларды жүргізу кезінде клиенттерді қолдау

Операциялар бойынша комиссия:    

  • 0% – Нұрбанк бөлімшелерінде орнатылған Pay Dala терминалдарында төлем жасау кезінде
  • операция сомасынан 1% – Банк бөлімшелерінен тыс орналасқан терминалдар арқылы төлеу кезінде

Қол жетімді орындар тізімі мен терминалдар жұмысы туралы мәліметтерді Pay Dala-ның ресми сайтынан біле аласыз https://paydala.kz/#why-me

Енді өз қаржыңызды басқару оңайырақ болды – Pay Dala-ның жақын арадағы терминалын сізге ыңғайлы уақытта пайдаланыңыз.

27.06.2025