Назар аударыңыз: кредиттерді есептен шығару туралы жалған ақпарат таралуда

Назар аударыңыз: кредиттерді есептен шығару туралы жалған ақпарат таралуда

Назар аударыңыз!

Әлеуметтік желілерде кредиттердің есептен шығарылуы туралы ақпарат тарады.  Бұл — жалған ақпарат.

Өтінеміз, қауесеттерге сенбеңіз, ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз және «мәселені шешіп береміз» деп уәде ететін делдалдарға жүгінбеңіз.

Еске саламыз: жалған ақпарат таратқаны үшін заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Дұрыс әрі сенімді ақпарат банктың ресми арналары арқылы ғана жарияланады — сайтта, әлеуметтік желілерде және байланыс орталығы арқылы.

Қаржыңызды қорғаңыз 

12.01.2026