«Әйел кәсіпкерлерді қаржыландыру кодексі» (WE Finance Code) – әлемнің 30-дан астам елінде жүзеге асырылып жатқан, бизнеске иелік ететін және оны басқаратын әйелдердің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған жаһандық бастама. Нұрбанк WE Finance Code бастамасына қосылған Қазақстандағы банктердің алғашқыларының бірі болып табылады. Осы маңызды оқиғаға арналған салтанатты іс-шара 2026 жылдың 3-сәуірінде Қаржыны бақылау агенттігінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, ЕҚДБ және «Атамекен» ҰКП қолдауымен өтті.
Нұрбанктің мұндай бастамаға назар аударуы әйелдер кәсіпкерлігін қолдау саласындағы жүйелі жұмыстың заңды жалғасы болып табылады. Банктің өнімдер желісінде «Бизнес Ханым» бағдарламасы ерекше орын алады, оның басты артықшылықтары – сыйақы мөлшерлемесінің тартымдылығы және қарызды қамтамасыз ету талаптарының барынша икемділігі. Сонымен қатар, 2026 жылдың 1-мамырына дейін Нұрбанк кәсіпкер әйелдерге -заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің 12 айға дейінгі мерзімге жаңадан ашылатын салымдары үшін жекелеген депозиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесіне қосымша 2%-ға дейін ұсынады. Сондай-ақ Нұрбанк «Даму» қорының бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетеді және сарапшылар қауымдастығын тарта отырып, әйел кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша тұрақты негізде іс-шаралар өткізеді.
«Біздің әйелдер кәсіпкерлігіне басымдық беруіміз деректерді талдауға негізделген. Тәжірибе көрсеткендей, әйелдер неғұрлым салмақты әрі жүйелі шешімдер қабылдайды, бұл өз кезегінде несиелерге қызмет көрсету сапасына тікелей әсер етеді. Бұл сегмент жоғары тәртіптілікті көрсетеді. Нысаналы қолдау құралдарын дамыту арқылы Нұрбанк Қазақстан экономикасының өсуіне ықпал етіп қана қоймай, тәуекелдерді қабылдауға теңгерімді түрде қарайды», – деп пікір білдірді Нұрбанк Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева.
Статистикаға сәйкес, 2025 жылғы желтоқсан айындағы жай-күй бойынша Қазақстанда шағын және орта бизнес басқаратын 1 миллионнан астам әйел тіркелген, бұл ШОБ субъектілерінің жалпы санының 48,1%-ын құрайды. Әйелдер кәсіпкерлігі – бұл жай ғана тұрақты тренд емес, Қазақстанның кәсіпкерлік базасын дамытудағы жүйе құраушы фактор. Сондықтан бизнестегі әйелдерді қолдау тек жекелеген жобаларға инвестиция ғана емес, сонымен қатар елдің тұрақты экономикалық дамуына қосылған елеулі үлес болып табылады.
«Нұрбанк ең алдымен гендерге емес, бизнес әлеуетке баға береді. Нарықтық деректерді талдау бізге әйелдердің бизнестегі нақты қажеттіліктерін түсінуге және олардың табысына бүгін, қазір және болашақта жұмыс істейтін шешімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз әйелдердің жоғары әлеуметтік жүктемесін ескере отырып, икемді қызмет көрсету қажеттілігін назарға аламыз», – деп атап өтті Нұрбанк Басқарма төрайымының орынбасары Алексей Мажуга.