Төлем карталары мен онлайн-сервистерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары

Төлем карталары мен онлайн-сервистерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шаралары

Соңғы уақытта Қазақстанда алаяқтық топтар айтарлықтай белсенділе бастады, олардың құрбаны болып төлем карталарының иелері шығады. Алаяқтықтың кең таралған сценарийі жеке деректерді, төлем картасының мәліметтерін, кодтар мен телефондағы құпиясөздерді заңсыз жинаумен байланысты, мұнда алаяқ банк қызметкері ретінде танысып, шоттар бойынша онлайн операция жасауға арналған деректерді анықтауға тырысады.

Алаяқтық жағдайлардың алдын алу және болдырмау мақсатында «Нұрбанк» АҚ келесі қауіпсіздік шараларын ұстануды ұсынады:

  1. SMS хабарламасындағы кодты (құпиясөзді) ешкімге, соның ішінде банк қызметкері ретінде танысқан адамға да хабарламау.
  2. Сенім білдірілген нөмір ретінде бөгде адамның ұялы телефон нөмірін қоспау (банкомат арқылы да).
  3. Төлем картаңыздың мәліметтерін: нөмірін, мерзімін және CVV/CVC (карта артындағы 3-таңбалы кодты) ешкімге хабарламау. Картаның мәліметтерін интернетте орналастырмаңыз және мессенджерлер арқылы жібермеңіз.
  4. Күдік тудыратын қоңырау кезінде (банк байланыс-орталығының нөмірлеріне ұқсас нөмірлерден де келуі мүмкін) әңгімені дереу тоқтатып, Банктің төлем картасының артындағы көрсетілген телефон нөмірі бойынша хабарлаңыз.

Картаның мәліметтері мен SMS-кодтарын үшінші тұлғаға беру жағдайында ақшалай қаражат ұрлануы мүмкін.

Алаяқтар жиі пайдаланатын алдау схемалары:

1. «Жалған банк қызметкері»:

 

Потенциалды құрбанға банк колл-орталығының нөміріне ұқсас нөмірден қоңырау келіп түседі, алаяқ колл-орталығының немесе банк қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде өзін таныстырып, төлем картасы бойынша рұқсат етілмеген операция туралы хабарлайды. Операцияны жою үшін, алаяқ төлем картасының мәліметтерін (нөмірін, мерзімін, CVV/CVC-код және SMS хабарламасындағы кодтан) хабарлауды ұсынады. Нақты банк қызметкері бұл мәліметтерді ешқашан сұрамайды (ол үшін тек ТАӘ, туылған күні және карточкалық шотты ашу кезінде келісімде көрсетілген кодтық сөз жеткілікті).

Бұл схема әлеуметтік желілерде де қолданылады (мысалы, VK, Facebook), мұнда банктер өздерінің ресми беттерін жүргізеді. Алаяқтар осы бетті жалғандандырып, потенциалды құрбанмен байланыс орнатып, банк қызметкері ретінде танысып карта мәліметтерін сұрайды.

2. Жылжымайтын мүлік сату туралы жарнама (пәтерлер, автокөліктер және т.б.):

 

Жылжымайтын мүлік сату туралы (пәтер, автокөлік, жиһаз, киім және т.б.) жарнама бойынша қоңырау соғады, алаяқ аванс түрінде төлем картасына аударғысы келетінін айтып, сатушыдан карта (нөмірі, мерзімі, CVV/CVC-код), сатушының ұялы телефонына келген SMS хабарламаларындағы кодтарды беруін сұрайды.

 

3. Сауалнамаларға қатысу үшін сыйақы

Әлеуметтік желілерде алаяқтар банк атынан сауалнама толтырып, сыйақы алу ұсынысымен бет ашып, қулығын іске асырады. Құрбаннан алаяқтық сілтеме арқылы өтіп, сұрақтарға жауап беру және сыйақы (ақшалай сыйлық) алу үшін «мақұлдандырылған төлем» деп аталатын өз картасынан төлем жүргізуі талап етіледі. Өз картасының мәліметтерін толтыра отырып, құрбан өзі алаяқтардың картасына немесе электрондық әмиянына ақша жібереді, орнына ештеңе алмайды.

4. Жалған делдал

Бүгінгі күні интернетте Forex биржасында немесе "екілік опциялар" саудасында үлкен табыс алу мүмкіндігін ұсынатын сайттар баршылық. Мұндай сайттардың едәуір бөлігі шынында ешқандай делдалдық қызмет көрсетпейді.

Потенциалды құрбан жалған делдал сайтында тіркеліп, жеке кабинет ашады және байланыс мәліметтерін қалдырады. Осыдан кейін алаяқ байланысқа шығып, сауда бастау үшін алдымен жеке кабинетке қаражат салуды сендіреді. Клиент жеке кабинетіне ақшаны аударғаннан кейін, алаяқтар оларды өз шотына шығарады.

Абай болыңыз!

16.11.2020