Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Елдар Сарсенов барон Эрик де Ротшильдпен достық кездесу өткізді.

Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Елдар Сарсенов барон Эрик де Ротшильдпен достық кездесу өткізді.

Кездесу барысында Нұрбанк басшысы @eldarissimo компанияның қаржы саласындағы беделі мен тәжірибесін атап өтті. Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында баронмен кездесуден алған әсерімен бөлісті: «Кездесу өте жылы және мазмұнды өтті... „Rothschild & Co“ әлемдегі ең көне және ірі қаржы компанияларының бірі, сондықтан олардың бөлісер тәжірибесі біздің ел үшін маңызды», — деді Е.Сарсенов.

Өз кезегінде, мырза Ротшильд отбасы өмірінің тарихымен және әлемдік деңгейде бизнесті жүргізу тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, барон өз ісіне адалдық пен еңбекқорлықты жоғары бағалайтынын айтып, „Нұрбанк“ компаниясына 10 жылдан астам қызмет етіп келе жатқан қызметкерлерге естелік сыйлықтар табыс етті.

03.11.2017