БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Рейтингтерді бекіту бойынша жыл сайынғы іс-шаралар барысында, International Standard&Poor’s агенттігі Нұрбанктың қысқа мерзімді рейтингін «В» деңгейінде растады және ұзақ мерзімді рейтингін «В-» деңгейінде белгіледі.
«Standard&Poor’s шешімі қаржы нарығындағы тұрақсыздық пен банк секторының қазіргі таңда топтасуының салдарынан күтілді. Сонымен қатар, бұл S&P-нің Нұрбанктың нарықтағы үлесін арттыруын күтуімен байланысты, бұл қарқынды өсу әрі сәйкесінше тәуекелдердің артуын білдіреді. Дегенмен, біз тәуекелдерді азайту мен клиенттеріміздің қаражатын сақтауды маңызды санаймыз, сондықтан біз консервативті жол ұстанып, орташа дамуды жүргіземіз», — деді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрағасы Ельдар Сарсенов.
«Нарықтың ірі қатысушыларының бірі ретінде, біз салымшыларымыз, инвесторларымыз және серіктестеріміз алдында жауаптымыз, сондықтан Нұрбанк тұрақты әрі сенімді болып қала береді деп ашық мәлімдейміз. Сонымен қатар, 2016 жылдың қорытындысы бойынша біздің орташа даму саясатымыз нәтижесінде банктің нарықтағы бәсекелік позициясын тұрақтандырып, негізгі қаржылық көрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткіздік», — ол қосып айтты.
Standard&Poor’s агенттігі жақын арада рейтинг болжамдарын капитализация мен табыстылық көрсеткіштерінің өсуі жағдайында «Тұрақты» деп қайта қарайтындарын атап өтті. Ельдар Сарсеновтың айтуынша, банк бұл бағытта белсенді жұмыс атқаруда және жақын арада өзінің сұхбаттарында банктің жаңартылған стратегиясын, жеткен нәтижелерін және клиенттерді күтіп тұрған жаңа қызметтерді ашып көрсетеді.
«Биыл банк өз негізі қаланған 25 жылдық мерейтойын атап өтуде және біз клиенттеріміздің сенімі мен күткен үміттерін ақтап, қарқынды дамуды, теңгерімді өсуді, жаңа қызметтер мен технологияларды енгізуді жалғастырамыз. Сонымен қатар, Standard&Poor’s пікірлерін ескере отырып, банк басшылығы жаңа даму стратегиясын әзірлеген», — деп Е.Сарсенов қорытындылады.
Мәлімет үшін:
2016 жылға олқаржылық көрсеткіштері:
— Активтер 19%-ға өсіп, 381,4 млрд теңге құрады.
— Несие көлемі 11%-ға немесе 22.3 млрд теңгеге өсіп, 219.7 млрд. теңгені құрады.
— Бағалы қағаздар портфелі 53.1 млрд теңгені құрап, бір жылда 25%-ға немесе 10.7 млрд теңгеге артты.
— Банктің міндеттемелері 21.1%-ға немесе 59.2 млрд теңгеге көбейді. 2016 жылдың соңында банктің міндеттемелері 340.4 млрд теңгеден асты. Міндеттемелер құрылымында клиенттердің ағымдағы шоттар мен депозиттерде орналастырылған қаражаттары, үкімет пен банктердің шоттарын қоспағанда, 78.8% үлесін құрайды. Клиент қаражаттарының көлемінің 2016 жылы өсуі 62.7 млрд теңге немесе 30.5% құрады.
— Пайыздық табыстар 18%-ға артты, комиссиялық кірістер шамамен 2%-ға өсті.
«Нұрбанк» АҚ Баспасөз қызметі
Байланыс телефоны: 2 599 710 *5465
www.nurbank.kz