Купондық облигацияларды шығару

Купондық облигацияларды шығару

Нұрбанк» АҚ NRBNb11 купондық облигациялар шығаруды жоспарлап отырғанын хабарлайды, номиналды көлемі 20 млрд теңге, жылдық кірістілік 13,0% жетеді, айналым мерзімі 26.05.2018 жылға дейін.

Нұрбанк» АҚ NRBNb11 купондық облигацияларын шығаруды жоспарлауда, номиналды көлемі 20 млрд теңге, жылдық кірістілік 13,0% жетеді. Облигациялардың өтеу мерзімі 27.05.2018 жыл.

NRBNb11 облигацияларынан түскен қаражатты «Нұрбанк» АҚ-тың қаражат базасын арттыру және әртараптандыруға, соның ішінде Қазақстанның нақты экономика секторын несиелендіруге және өтімділікті қолдауға бағыттау жоспарлануда. Нұрбанк» АҚ оң операционалдық қызметі және кредиттік тарихы бар Қазақстан Республикасының кәсіпорындарын қаржыландыруды жалғастырып, бөлшектік бизнес бағдарламаларын дамытуды көздеуде.

2002 жылдан 2017 жылға дейін «Нұрбанк» АҚ жалпы негізгі қарызы 87.500.000.000 теңгеге жеткен он облигацияны сәтті шығарды. Облигациялар бойынша купондық төлемдер мен негізгі қарыз төлемдері уақытында төленді, дефолтсыз.
Нұрбанк» АҚ Қазақстанның алғашқы он бес ірі банкінің қатарына кіреді. Нұрбанк» АҚ 25 жылдық тарихқа ие және бизнес пен халыққа толық спектрлі банк қызметтерін ұсынады.

Нұрбанк» АҚ Қазақстанның ең тұрақты банктерінің бірі болып табылады.
Халықаралық рейтинг агенттігі Standard and Poor’s ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді контрагент рейтингін B/B деңгейінде, қазақстандық шкалада kzBB деңгейінде растады. Нұрбанк» АҚ Халықаралық даму институттарынан сапа активтерінің тәуелсіз бағасын алға Due Diligence процедурасын өтті:- Азия Даму Банкімен (ADB) Республика Қазақстанда микро, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жобалық келісім жасалды.- Еуропа Инвестициялық Банкімен (EIB) шағын, орта және микро бизнес саласын несиелендіруге арналған кредиттік желілер мақұлданған.

Нұрбанк» АҚ сегіз жыл бойы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның іске асырған жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатысушы болып келеді. Банк Қазақстанның даму банкі» АҚ-пен ҚР Ұлттық қор қоры мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражатын борыштық капиталды қаржыландыру мақсатында орналастыру аясында кредиттік келісім жасады.
Облигацияларды орналастыру презентациясы Қазақстан Қор Биржасы www.kase.kz сайтында және «Нұрбанк» АҚ www.nurbank.kz веб-сайтында орналастырылған.

Алдағы орналастыру аясында қандай да бір сұрақтар мен қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыстармен хабарласуыңызды сұраймыз:

Андеррайтер:

«Нұрбанк» АҚ еншілес ұйымы «MONEY EXPERTS”Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Республика алаңы, 13, 616 кеңсе

Телефондар:

+7 (727) 2 666 053

+7 (727) 250 20 15

Эмитент:  

«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 10-В

Web-сайт: www.nurbank.kz

Телефондар:

+7 (727) 2 500 000  +7 (727) 2 599 710 

ішкі. 5648, 5647 – Қазынашылық басқармасы

ішкі. 5409, 4695 – Корпорациялармен жұмыс бөлімі

ішкі. 5380, 5329 – Шағын және орта бизнес бөлімі

ішкі. 5692 – Капитал басқармасы

Баспасөз-бюллетень (PDF)

Презентация (.ppt жүктеу)

01.06.2017