Жеңіс күні қарсаңында Нурбанк дәстүрлі «Жеңіс үшін атаға рахмет!» акциясын өткізді. Бұл акция жыл сайын Қазақстанның 16 қаласында өтеді. Іс-шара аясында банкирлер банк клиенті болған әр ардагерді жеке құттықтайды.
Қазіргі уақытта Нурбанк клиенттерінің арасында 146 Ұлы Отан соғысының ардагер-қаһармандары мен тыл қызметкерлері бар. Қазақстанның барлық қалаларында Нурбанк басшылығы мен қызметкерлері ардагерлерді мерекемен құттықтап, ақшалай сертификаттар мен сыйлықтар табыс етті.
«Нурбанктің Жеңіс күніне арналған дәстүрлі жыл сайынғы әлеуметтік іс-шаралары – бұл Ұлы Жеңісті қорғағандардың төзімділігі мен батырлығына деген құрмет. Бүгін оларға қуаныш пен жақсы көңіл-күй сыйлай алғанымызға үміттенемін. Біз барлық қазақстандықтарды ардагерлерімізге жиі көңіл бөлуге шақырамыз, себебі олар арқасында бүгінгі күні бейбіт аспан бар.», – деді басқарма төрағасы Елдар Сәрсенов.
Еске сала кетейік, өз қызмет уақытында Банк 1000-нан астам қайырымдылық бағдарламаларын, сондай-ақ республикалық ауқымдағы ірі жобаларды іске асырды, олар бүгін қоғамға оң нәтижелер беруде. 2014 жылдан бастап Нурбанк «Өмірге жолдама» атты өз жобасын белсенді қолдап келеді, бұл жоба Қазақстанның әртүрлі қалаларындағы балалар үйінің түлектеріне Каспий қоғамдық университетінде білім алуға мүмкіндік береді. Жоба аясында банк тұру, тамақтану, жол жүру билеттері және дайындық емтихандарына шығындарды, сондай-ақ оқу жетістіктері үшін шәкіртақы және ай сайынғы материалдық көмек төлеуді өз мойнына алды.