Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы

Құрметті клиенттер мен серіктестер! Сіздерді «Нурбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2024 жылғы 8 қарашада өтетіні туралы хабардар етеміз.

2024 жылғы 3 қазанда «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесі келесі шешім қабылдады:

2024 жылғы 8 қарашада 10:00-де астаналық уақыт бойынша Алматы қ., Абая даңғылы, 10 «В» мекен-жайында орналасқан «Нурбанк» АҚ ғимаратында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру және өткізу. Банктің кезектен тыс жалпы жиналысында кворум болмағанда, 2024 жылғы 11 қарашада жоғарыда аталған мекен-жайда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын қайта өткізу. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 43-бабының 1-тармағына және «Нурбанк» АҚ Жарғысының 20-бабының 12-тармағына сәйкес, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін қалыптастыру: 1) Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту. 2) «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын анықтау. 3) Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау және өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату. 4) «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне міндеттерін орындауы үшін сыйақы мен шығыстарды өтеу шарттары мен мөлшерін анықтау. 5) «Нурбанк» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасына оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты міндеттерін орындауы үшін өтемақы мөлшерін анықтау. «Нурбанк» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысу және дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімін құрастыру күні болып 2024 жылғы 7 қазан айқындалсын.

07.10.2024