Құрметті клиенттер!
2017 жылғы 20 ақпаннан бастап Банктің төлем терминалдарында қолжетімді жаңа Банктік қызмет - төлем терминалдары арқылы депозитті толықтыру туралы хабарлауға қуаныштымыз.
Депозитті толықтыру үшін СТН және 20-таңбалы депозит шотын (IBAN) білу қажет.
Комиссия: 0 теңге.
Валюта: теңге.
Күніне бір төлемнің максималды сомасы 400 000 теңгеге дейін, енгізілетін банкноттың ең аз номиналы 200 теңге.
Шотқа аудару: 5 минут ішінде.
Депозитті тәулік бойы толықтыру мүмкіндігі.
Маңызды ақпарат:
Төлем терминалындағы қызметті орналастыру:
Мәзір: Банктік операциялар → депозиттік шоттарды толықтыру → СТН
Сондай-ақ сіз өз депозиттеріңізді ақшасыз түрде Nurbank24 Интернет банкингінде, Мобильді банкингте және Nurpay төлем сервисінде төлем карточкасын пайдаланып толықтыра аласыз.
Аудару: лездік, комиссиясыз
Өз шоттарыңыз арасындағы максималды аударым сомасы: шектеусіз.