Рейтингтерді жыл сайын қайта растау іс-шараларының шеңберінде Standard & Poor's халықаралық агенттігі Нұрбанктің қысқа мерзімді рейтингін «В» деңгейінде растады және ұзақ мерзімді рейтингін «В-» деңгейінде белгіледі.
S&P Global Ratings пікірінше, сыртқы ортаның белгісіздігінің фонында табыстылық көрсеткіштерінің төмендігіне байланысты "Нұрбанк" АҚ-ның бизнес позициясы нашарлады. Өз кезегінде, "Нұрбанк" АҚ Басқарма төрағасыЕлдар Сарсенов осы жағдайға түсініктеме берді.
«Standard & Poor's шешімі қаржы нарығындағы тұрақсыз жағдайға және банктік сектордың ағымдағы шоғырлануына байланысты күткен болатын. Сондай-ақ бұл S&P Нұрбанктен нарықтағы үлесін арттыруды күткендіктен, бұл агрессивті өсу мен сәйкесінше тәуекелдерді арттыруды қамтиды. Алайда, біз тәуекелдерді азайту және біздің клиенттеріміздің қаражатын сақтау маңызды болғандықтан, консервативті тәсілді ұстанатынымызды ескеру қажет», - деді Елдар Сарсенов.
«Нарықтағы ірі қатысушылардың бірі бола отырып, біз өз салымшыларымыз, инвесторларымыз және серіктестеріміз алдындағы жауапкершілігімізді сезінеміз, сондықтан ашық түрде айтамыз, Нұрбанк тұрақты және сенімді болып қала береді. Сонымен қатар, 2016 жылдың қорытындысы бойынша біздің орташа даму саясатының арқасында біз банктің нарықтағы бәсекелестік позициясын тұрақтандыруға, негізгі қаржылық көрсеткіштердің оң динамикасына қол жеткізе алдық», - деп жалғастырды ол.
Standard & Poor’s жекеменшік капитал мен табыстылық көрсеткіштерін арттыру жағдайында рейтингілік болжамдарды жақын арада «Тұрақтыға» қайта қарап шығатындықтарын атап өтті. Елдар Сарсеновтың айтуынша, банк бұл бағытта белсенді жұмыс істеуде және жақын арада өз сұхбаттарында банктің жаңартылған стратегиясының негізгі бағыттарын, қол жеткізілген нәтижелерді, сондай-ақ клиенттерді күтетін жаңа қызметтерді ашатын болады.
«Биыл банк өзінің құрылғанының 25 жылдығын атап өтуде және біз клиенттеріміздің сенімі мен үміттерін ақтап, динамикалық даму, теңгерімді өсу, жаңа қызметтер мен технологияларды енгізуді жалғастырамыз. Сонымен қатар, банктің басшылығы Standard & Poor’s пікірлерін назарға алатын жаңа даму стратегиясын жасады», - деп аяқтады Е.Сарсенов.
Банктың 2016 жылдағы негізгі қаржылық көрсеткіштері:
- Активтер 19%-ға ұлғайып, 381,4 млрд теңгені құрады.
- Несие көлемі 11% немесе 22,3 млрд теңгеге ұлғайып, 219,7 млрд теңгені құрады.
- Бағалы қағаздар портфелі 53,1 млрд теңгені құрап, жыл ішінде 25%-ға немесе 10,7 млрд теңгеге артты.
- Банктің міндеттемелері 21,1%-ға немесе 59,2 млрд теңгеге ұлғайған. 2016 жылдың соңында банктің міндеттемелері 340,4 млрд теңгеден асты. Міндеттемелер құрылымында үкімет пен банктердің есепшоттарын қоспағанда, ағымдық шоттар мен депозиттерге орналастырылған клиенттердің қаражаттар үлесі 78,8%-ды құрайды. Клиенттердің қаражат көлемінің 2016 жылдағы өсуі 62,7 млрд теңге немесе 30,5%-ды құрады.
- Пайыздық кірістер 18%-ға ұлғайып, комиссиялық кірістердің өсуі шамамен 2%-ды құрады.