Экономика және қаржы туралы өзекті жаңалықтар
Нурбанк МСФО-ға сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілік негізінде 2014 жылғы қызмет нәтижелерін жариялады. Бұл туралы Банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Etoday.kz хабарлайды.
2014 жылдың негізгі қызмет қорытындылары:
— сақтандыруларды есептемегенде несие портфелі 233,9 млрд. теңгені құрады.
— Банктің активтері 369,5 млрд. теңгені құрап, 46,2% өсті.
— депозиттік портфель 24% өсіп, 189,2 млрд. теңгені құраған;
— Банкінің комиссиялық табысы негізінен кассалық және аударым операциялары арқылы 13% өсті;
— Несие резервтерін құруға дейінгі таза пайыздық кірісі 84% артты.
— Банктің таза кірісі 2,6 млрд. теңгені құрады.
Қазіргі 2015 ж. Standard & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі Нурбанктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несие рейтингін «В/В» деңгейінде және ұлттық шкалалық рейтингін «kzBB+» деңгейінде растады. Сарапшылардың пікірінше, Нурбанктің рейтингтерінің расталуы оның проблемалық активтермен тиімді жұмыс жасауы және құрылыс және жылжымайтын мүлік секторларындағы компанияларды несиелеу тәуекелдеріне тәуелділігін азайту нәтижесінде банктің тәуекел профильінің жақсаруымен сипатталады.
«Сонымен бірге, 2015–2016 жылдары Нурбанктің капиталға қойылатын талаптарын «қанағаттанарлық» деңгейде сақтайды деп күтеміз. Тұрақты болжам Нурбанк бизнес көлемін ұлғайтып, проблемалық несиелерді біртіндеп азайтады, сондай-ақ капитализация және өтімділік көрсеткіштерін «қанағаттанарлық» деңгейде сақтап қалатынын көрсетеді», – дейді Standard & Poor’s сарапшылары.
Мемлекеттік қаржылық бақылау деректері бойынша, 2014 жылдың соңындағы нәтиже бойынша біз активтер көлемі бойынша 38 қазақстандық банктер арасында 14-ші орынды иелендік.
2014 жылдың 31 желтоқсанына банкінде 16 филиал және 75 бөлімше бар. Банкоматтар және POS-терминалдар саны тиісінше 347 және 1250.
Қазіргі уақытта банк Қазақстан Республикасының барлық негізгі аймақтарында қол жетімді. Сонымен қатар, барлық ірі өңірлік орталықтарда дамыған филиалдар және банкоматтар желісі, пластик карттардың шығарылымының жоғарғы деңгейі, сыртқы қарыздардың жоқтығы, сондай-ақ банктің капитализациясының жоғары деңгейі бар (2015 жылдың 1 ақпаны бойынша банк өз капиталының көлемі бойынша 15-ші орында тұр). Жақын болашақта банк бизнес дамуының стратегиялық мақсаттарын орындауды көздеп отыр, атап айтқанда:
— жеке тұлғаларға несие беру көлемін ұлғайту;
— бөлшек, шағын және орта бизнесті қызмет көрсету үлесін арттыру;
— несие портфелінің және депозиттік базаның сапасын жақсарту;
— клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын және оперативтілігін арттыру.
Капиталдың жеткіліктілігі
Қазіргі уақытта банктің тәуекелдерді ескере отырып, Ұлттық банктің әдістемесі бойынша есептелетін капитал жеткіліктілік коэффициенті (RAC) 2014 жылдың 1 қаңтарына шамамен 14,2%-ды құрайды. Осылайша, банктің қазіргі капитал деңгейі активтерді екі есеге дейін ұлғайтуды мүмкін етеді, сондықтан RAC көрсеткішінің агрессивті өсу кезінде де жақын жылдары 10%-дан төмен түспеуіне мүмкіндік береді.
Бизнестің сегменттері бойынша нәтижелер
2013 ж. банк жаппай коммерциялық банктің ажырамас бөлігі ретінде бөлшек бизнесті дамытуға шешім қабылдады.
«Біз бөлшек, шағын және орта бизнесті қызмет көрсету үлесін көбейтуді көздеп отырмыз. 2014 жылдың соңына несиелік портфелдің құрылымы мынадай: корпоративтік бизнес (КБ) -57%, ШОБ -24%, бөлшек бизнес (РБ) -19%. Жоспарға сәйкес 2016 жылға КБ-нің несиелік портфельдегі үлесін 48%-ға дейін азайту, ШОБ және РБ үлестерін арттыру арқылы» — дейді АО «Нурбанк» басқармасы төрағасы Кантар Орынбаев.
Корпоративтік сектор және ШОБ
2014 жылдың 31 желтоқсанына корпоратиижәне ШОБ секторлары бойынша ссудалық портфель 188,7 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда өсім 5,5%-ды құрады. Клиенттерге берілген несиенің жалпы көлеміне корпоративтік сектор және ШОБ портфелі 80,7%-ды құрады.
2014 жылдың 31 желтоқсанына корпоративтік сектор клиенттерінің қаражатының көлемі 83 млрд. теңге болды, бұл 2013 жылдың 31 желтоқсанына 77 млрд. теңгемен салыстырғанда.
ШОБ депозиттік портфелі 30 908 мың теңгені құрап, 2014 жыл бойынша өсім 12 109 мың теңге немесе 64,4% болды.
Қазіргі уақытта банк АО «Даму кәсіпкерлікті дамыту қорының» келесі кредиттеу бағдарламалары бойынша жұмыс істейді:
— Тұрақтандыру бағдарламасы — 2-, 3- транше;
— Даму аймақтар;
— Даму аймақтар 2;
— Даму аймақтар 3;
— Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау үшін «Даму-Ӏндiрiс ІІ» бағдарламасы, өндеуші өнеркәсіп саласында;
— Өңдеуші өнеркәсіп және қызмет көрсету арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу бағдарламасы.
Сонымен қатар, Банк белсенді түрде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырады, 2012–2020 жылдарға арналған моногородтарды дамыту бағдарламасына қатысады, жеке кәсіпкерлік субъектілердің несие сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасы, Жаңаөзен қаласындағы қызмет кәсіпкерлер және ауыл шаруашылығын қолдау несие сыйақысын қайтару бағдарламасына, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып жүзеге асырылады.
«Мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылған жобалардың әлеуметтік әсері - мемлекетті қолдаған компаниялардың бизнесін дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, өз табыстарын, жалақыларын, мемлекеттік бюджет кірістерін және басқалафйды ұлғайту. Біз мемлекеттік бағдарламалар бойынша 113 жобаны қаржыландырдық, жалпы сомасы шамамен 12 млрд. теңгені құрайды. Бағдарламалар арқасында шамамен 800 жаңа жұмыс орындары құрылды. Біз бұл бағдарламалар ШОБ дамуына айтарлықтай үлес қосқанда деп санаймыз, ал мемлекет осындай бизнес қолдау бағдарламаларын ұсынып, өздерінің инвестицияларын табысты көрсетуі
Бөлшек сектор
2014 жылдың 31 желтоқсанына бөлшек сектор бойынша несиелік портфель 45,2 млрд. теңгені құрады, негізінен тауарлық және кепілсіз несиелеу есебінен. Клиенттерге берілген несиенің жалпы көлеміне бөлшек сектор несиелерінің үлесі 19,3% болды. Ипотекалық несиелер үлесі бөлшек сектор несиелерінің жалпы көлемінде 45,18% құрады.
2014 жылдың 31 желтоқсанына бөлшек клиенттер қаражаттары 70,5 млрд. теңгені құрады. 2013 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда өсімі 27,5% немесе 15,2 млрд. теңге.