Капитал іскерлік ақпарат орталығы
Нұрбанктың 2014 жылғы таза пайдасы 2,6 млрд теңгені құрады, 2013 жыл банк үшін шығынды болды (-32,3 млрд теңге). Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы ХҚЕС бойынша шоғырландырылған қаржылық есептілікке сілтеме жасап хабарлайды.
Банк ақпараттарына сәйкес, 2014 жылдың соңында несие портфелі (резервтер есебінсіз) 233,9 млрд теңгені құрады. Банктің активтері жыл ішінде 46,2%-ға өсіп, 369,5 млрд теңгеге жетті. Депозиттік портфель 24%-ға өсіп, 189,2 млрд теңгені құрады. Негізінен кассалық және аударым операцияларының арқасында банктың комиссиялық кірістері 13%-ға өсті. Резервтерді қалыптастыруға дейінгі қаржы институтының таза пайыздық кірісі 84%-ға артты.
Банктің тәуекелдерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі әдістемесі бойынша есептелетін капитал жеткіліктігі коэффициенті (RAC) 2014 жылдың 1 қаңтарына шамамен 14,2%-ды құрады.
«Осылайша, банктің қазіргі капитал деңгейі активтерді екі есе арттыруға мүмкіндік береді, бұл тіпті банктың келесі жылдары агрессивті өсу жағдайында RAC көрсеткішінің 10%-дан төмен түсіп кетуіне жол бермейді», - деп атап өтті қаржы институтта.
Банк өз жоспарларын түсіндірді. «Біз бөлшек, шағын және орта бизнеске қызмет көрсету үлесін арттыруды жоспарлап отырмыз. 2014 жылдың соңына қарай несие портфелінің құрылымы: корпоративтік бизнес - 57%, ШОБ - 24%, бөлшек бизнес - 19%. 2016 жылға қарай ШОБ және бөлшек бизнестің үлесін арттыру арқылы несие портфеліндегі корпоративтік бизнестің үлесін 48%-ға дейін азайту жоспарымызда бар», - деп хабарлады Нұрбанк басқарма төрағасы Қантар Орынбаев.
Корпоративтік сектор және ШОБ бойынша несие портфелі 2014 жылдың 31 желтоқсанында 188,7 млрд теңгені құрады. Жыл ішінде бұл портфель 5,5%-ға өсті. Жалпы несие портфелінің ішінде корпоративтік сектор және ШОБ үлесі 80,7%-ды құрады.
Өткен жылдың соңында корпоративтік сектордағы клиенттердің қаражат көлемі шамамен 83 млрд теңгені құрады, ал 2013 жылдың соңында бұл көрсеткіш 77 млрд теңге деңгейінде болды. 2014 жылы ШОБ депозиттік портфелі 64,4%-ға өсті.
2014 жылдың 31 желтоқсанында бөлшек сектор бойынша несие портфелі 45,2 млрд теңгені құрады, негізінен тауарлық және кепілсіз несиелердің арқасында. Клиенттерге берілген несие жиынтығындағы бөлшек сектордағы несиелердің үлесі 19,3%-ды құрады. Бөлшек сектор бойынша ипотекалық несиелердің үлесі 45,18%-ға жетті. 2014 жылдың соңында бөлшек клиенттердің қаражат көлемі 70,5 млрд теңгені құрады. Жыл ішінде физикалық тұлғалардың банктегі қаражат көлемі 27,5%-ға өсті.