Алматы облысында Нұрбанктің қолдауымен салт аттылардың ер үстіндегі сайысынан Азия чемпионаты өтті

Алматы облысында Нұрбанктің қолдауымен салт аттылардың ер үстіндегі сайысынан Азия чемпионаты өтті

24.04.2025

Аударыспақ – көшпелі түркі халықтары арасында пайда болған, ат үстіндегі күрестің көне түрі.

Өткізілген іс-шара

2025 жылдың 20 сәуірінен 22 сәуіріне дейінгі аралықта Алматы облысында ресми серіктесі Нұрбанк болған, ат үстіндегі күрес – аударыспақтан IV Азия чемпионаты өтті.

Мән-жайы

Биылғы жылы турнирге жеті елдің спортшылары қатысып, 60-90 келіге дейінгі алты салмақ дәрежесінде сынға түсті. Аударыспақ – көшпелі түркі халықтары арасында пайда болған ат үстіндегі күресінің көне түрі. Жекпе-жекте екі салт атты қатаң белгіленген аумақта күреседі. Қарсыласын аттан сүйреп түсіріп, ат үстінде қалып қойған спортшы жеңімпаз атанады. 

Аударыспақ сайысы туралы мәлімет

Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Аударыспақ Орталық Азия елдерінде белсенді дамып келеді және көкпар, жамбы ату сияқты ұлттық ойындармен қатар мәдени мұраның маңызды бөлігі болып табылады. Нұрбанк аударыспақ сияқты спорт түрлерін дамытуға қолдау көрсете отырып, мәдени құндылықтарды сақтауға және ұлттық дәстүрді нығайтуға өз үлесін қосуда.

«Біз үшін чемпионатты қолдау спортты дамытуға қосқан үлес қана емес. Бұл біздің түп-тамырымызға, салт-дәстүрімізге деген құрмет. Аударыспақ – халқымыздың рухының, күш-жігері мен бірлігінің ажыратылмас бөлігі. Біздің міндетіміз – осы мұраны болашақ ұрпақ үшін сақтап, жастарды өз тарихын мақтан етуге баулу. Ұлттық спорт түрлері тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық аренада да әйгілі болуы тиіс деп есептейміз», - деді сұхбатында Нұрбанктің Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева.

Дереккөз: https://bes.media/news/chempionat-azii-po-borbe-na-loshadyah-proshel-v-almatinskoy-oblasti-pri-podderzhke-nurbanka/

25.04.2025