Nurbank әлеуметтік саясатының аясында ШЖҚ "№2 Қалалық перинаталдық орталық" МКК-ға қолдау көрсетіп, керек-жарақтардың толық жиынтығы бар Mindray SV600 өкпені жасанды желдету аппаратын сыйға тартты.
Сыйға тартылған жабдық жаңа туған нәрестелерді, оның ішінде салмағы аса кішкентай балалардың өкпесін тиімді желдетуге қауқарлы неонаталды респираторлы қолдауды жүзеге асыруға арналған жоғары технологиялық шешім болып саналады.
Проксималды ағын датчигі (бергіші) бар дәл басқару технологиясының арқасында жабдық жаңа туған нәрестелер өкпесін инвазивті және инвазивті емес желдету талаптарын толықтай қанағаттандыру үшін 2 мл-ден басталатын ең аз тыныс алу көлемін қамтамасыз ете алады.
Аппараттың қосымша функциялары ретіндегі ӨЖЖ режимдерінің алуан түрі, оның ішінде жоғары ағынды оттегі терапиясы, сондай-ақ эргономикалық интерфейсі және дәл баптаулар шұғыл жайттар кезінде медицина қызметкерлерінің тез әрекет етуіне септігін тигізіп, оны түрлі клиникалық жағдайда қолдануға мүмкіндік береді.
"Денсаулық сақтау саласына қолдау көрсету – біздің әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі. Біз сыйға тартқан ӨЖЖ аппараты ең кішкентай пациенттердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға мүмкіндік береді деген сенімдеміз. Орталықтың медициналық ұжымына қалтқысыз еңбегі мен өз ісіне адалдығы үшін Nurbank атынан алғыс айтамын", - деді Nurbank Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева.
Жабдықтарды ресми тапсыру рәсімі салтанатты шара түрінде өтіп, оған медициналық орталық пен банк өкілдері қатысты. Орталық басшылығы уақытылы көрсетілген көмегі үшін Nurbank өкілдеріне алғыс айтып, жаңа жабдық мекеменің техникалық базасын нығайтып, ауыр халде жатқан жаңа туған нәрестелерге тиімді көмек көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
1946 жылы негізі қалаған №2 қалалық перзентхана ондаған жыл бойы Қазақстанның ана мен баланы қорғау саласында маңызды рөл атқарып келеді. Мұнда жыл сайын мыңдаған сәби өмірге келеді, олардың көбіне мамандандырылған неонаталды көмек қажет болып жатады. Соңғы айлардың өзінде ондаған шала туған сәбиге күтім жасалды, оның ішінде 870 грамм болып туған нәресте де бар.
Анықтама үшін
Nurbank корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында денсаулық сақтау, білім беру, экология және мәдени даму салаларын қолдауға бағытталған жобаларды белсенді түрде жүзеге асырып келеді.
Нақтырақ тоқтала кетсек, 2018 жылдан бері банк Charity Music Run жыл сайынғы жүгіру шарасын ұйымдастырып келеді. Тіркелу және демеушілік қолдаудан түскен барлық қаражат Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына қажетті медициналық жабдық сатып алуға жұмсалады. Бұл көмек аясында 2018 жылы банк балалары онкологиялық бөлімшеде ем алып жатқан ата-аналарға арнап жуыну және душ бөлмелеріне жөндеу жұмыстарын жасап берді. 2019 жылы жілік майын ауыстыру кезінде қажетті дің жасушыларын сақтауға арналған дьюара ыдыстары сынды медициналық жабдық сатып алды. Ал 2022 жылы жансақтау бөліміне арналған көпфункционалды кереуеттер сатып алынды. 2023 жылғы жүгіру шарасынан түскен ақшаға аталған орталыққа дің жасушаларын сұйық азотта ұзақ уақыт бойы -196°С градуста сақтауға мүмкіндік беретін криоқойма алынды.