
Банкте кәсіпкерлердің әртүрлі қажеттіліктеріне қарай бағдарланған өзінің кредиттік бағдарламалары туралы айтып берді.
Қазақстанда шағын және орта бизнестің белсенділігі артып отырған жағдайда екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлердің қаржылық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттік «Өрлеу» бизнес қолдау бағдарламасының қатысушыларының бірі ретінде Нұрбанк ШОБ-қа арналған өнімдерін жүйелі түрде дамытып келеді. Нұрбанк Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева жаңа кредиттік бағдарламалар қандай мүмкіндіктер ұсынатыны, банк кәсіпкер әйелдерді қалай қолдайтыны туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына берген сұхбатында әңгімелеп берді.
– Жақында Нұрбанк пен «Даму» КДҚ «Өрлеу» бағдарламасына қатысу туралы келісімге қол қойды. Бұл бағдарламаның бизнеске қандай мүмкіндіктер беретіні туралы айтып берсеңіз?
– «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы микро-, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Оның негізгі мақсаты — өңдеу өнеркәсібі, ауыл, орман және балық шаруашылығы, көлік пен қоймалау, тұру және тамақтану қызметтері, жылжымайтын мүлікпен операциялар, білім беру және денсаулық сақтау салалары сияқты экономиканың басым секторларында кәсіпкерліктің өсуін ынталандыру.
Бағдарлама арқасында кәсіпкерлер әртүрлі мақсаттарға қаржыландыру ала алады. Біріншіден, ғимараттарды сатып алуға, салуға, жаңғыртуға, қайта құруға немесе күрделі жөндеуге арналған инвестициялық жобаларға. Екіншіден, шикізат пен материалдар сатып алу, жалдау ақысы, коммуналдық төлемдер, еңбекақы қорын толықтыру және басқа да мақсаттардағы айналым қаражатын толықтыруға. Сонымен қатар бұл кредиттерді қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру үшін де алуға болады.
Біздің банкте осы мемлекеттік бағдарлама бойынша кредит рәсімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен басталады. Кредиттік өтінімді қарау уақыты құжаттар пакетінің толықтығына, кредиттік тарихтың сапасына және басқа да факторларға байланысты. Жалпы алғанда, біз кәсіпкерлер үшін барынша ыңғайлы әрі ашық коммуникацияны қамтамасыз етуге ұмтыламыз.
– «Өрлеу» бағдарламасының шарттары қандай?
– Бұл бағдарлама бизнестің ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне бейімделген, ашық әрі тартымды қаржыландыру шарттарын ұсынады.
Инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттерді 10 жылға дейін, ең жоғары сомасы 7 миллиард теңгеге дейін ресімдеуге болады.
Айналым қаражатын толықтыру мақсатына — 3 жылға дейін, 3,5 миллиард теңгеге дейін.
Қайта қаржыландыру жобалары бойынша — қайта қаржыландырылатын қарыздың қалған мерзімінен аспайды.
Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 12,6%-дан аспайды (СЖТМ — 13,6%-дан бастап), қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия кредит сомасының 0,5%-нан аспайды.
Сонымен қатар «Өрлеу» бағдарламасы бизнес үшін әлеуметтік-экономикалық міндеттемелерді де қарастырады. Инвестициялық мақсаттарға қаржыландыру алған кезде, қарыз алушы екі қаржылық жыл ішінде жұмыс орындарының санын сақтап, арттыруы және де кірісті кемінде 10%-ға өсіруі тиіс. Осылайша, бағдарламаға қатысу бизнесті дамытудағы ынталандырушы фактор болып табылады.
– «Даму» қорының кепілдігі қарыз сомасының қанша пайызын жабады? Бұл тетіктің артықшылықтары қандай?
– «Өрлеу» бағдарламасы бойынша кредит алу үшін жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, жабдықтар, көлік құралдары немесе арнайы техника түріндегі кепіл талап етіледі. Егер кепіл мүлкі жеткіліксіз болса, кәсіпкер мемлекеттік кепілдік алуға өтінім бере алады. Бұл кепілдік кредит сомасының 85%-на дейін, бірақ 3,5 миллиард теңгеден аспайтын мөлшерде берілуі мүмкін.
– Кәсіпкерлер бұл бағдарлама аясында кредиттерді көбіне қандай мақсатта алады?
– Көбінесе инвестициялық мақсаттарға — өндірістік қуаттарды жаңғыртуға және кеңейтуге, жабдық сатып алуға, инфрақұрылымды дамытуға қызығушылық жоғары. Бұл бизнестің тек ағымдағы қызметті сақтауға емес, стратегиялық өсімге де бағытталғанын көрсетеді.
2025 жылдың 1 қазанына қарай біздің банк «Өрлеу» мемлекеттік бағдарламасы аясында 6,1 миллиард теңге көлемінде бизнеске қолдау көрсетті.
– Банкте «Бизнес Ханым» әйел кәсіпкерлерге арналған бағдарлама жұмыс істейді. Бұл бағдарлама бойынша қарыз алушыларға қандай талаптар қойылады?
– Бұл бағдарлама өз ісін белсенді дамытып жүрген және ел экономикасына елеулі үлес қосып отырған әйел кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Бағдарламаға келесі бірнеше санаттағы кәсіпкерлер қатыса алады:
Жауапкершілігі шектеулі серіктестер үшін — жарғылық капиталдағы әйелдер үлесі кемінде 51% болуы тиіс;
Акционерлік қоғамдар үшін — дауыс беретін акциялардың кемінде 51%-ы әйелге тиесілі болуы немесе әйел компанияның бірінші басшысы ретінде кемінде бір жыл қызмет атқаруы қажет; сондай-ақ ЖК ретінде жұмыс істейтін әйелдер де бағдарламаға қатыса алады.
Осы бағдарлама аясында айналым қаражатын толықтыруға, инвестициялық мақсаттарға және қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру қарастырылған. Оның басты артықшылығы — төмендетілген пайыздық мөлшерлеме, бұл қаржыландыруды қолжетімді әрі ыңғайлы етеді. Сонымен қатар бағдарлама әйелдер бизнесінің ерекшеліктерін ескере отырып, шарттары икемді және ұзақ мерзімді дамуға басымдық береді.
– «Бизнес Ханым» бағдарламасына қатысу үшін кепілзаттық қамтама қажет пе?
– Иә, міндетті. Кепіл ретінде жылжымайтын мүлік, жабдықтар, көлік құралдары немесе ақшалай қаражат ұсынылуы мүмкін. Егер кепіл жеткіліксіз болса, банк «Даму» қорының кепілдігін пайдалануды ұсына алады. Бұл тетік әйел кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жетімділігін айтарлықтай кеңейтіп, бұрын қол жетпейтіндей көрінген жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, «Бизнес Ханым» бағдарламасы жеке тәсілді, қаржылық икемділікті және мемлекеттік қолдауды біріктіріп, әйел кәсіпкерлерге бизнесті сенімді дамытуға және өз идеяларын жүзеге асыруға нақты мүмкіндіктер жасайды.
– Жақында банк МСБ DRIVE кредиттік бағдарламасын іске қосты. Онда қандай шарттар қарастырылған?
– Бұл бағдарламаны біз ШОБ-ты кредиттеу үдерісін барынша жылдам, ашық және ыңғайлы ету мақсатында әзірледік. Оның басты артықшылығы — кәсіпкердің төлем қабілеттілігін салық есептілігі негізінде жеңілдетілген талдау. Бұл тәсіл өтінімдерді қарау мерзімін едәуір қысқартып, қаржыландырудың қол жетімді болуын арттыра түседі.
Шарттары бәсекеге қабілетті: нарық деңгейіндегі мөлшерлеме, 7 жылға дейінгі мерзім, ал ең бастысы — бизнесті дамыту үшін қаражатты жылдам алу мүмкіндігі.
Бағдарлама айналым қаражатын толықтыруға, инвестициялық мақсаттарға және қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыруға арналған.
Іс жүзінде кәсіпкерлер МСБ DRIVE бағдарламасын көбіне айналым қаражатын толықтыру үшін пайдаланады, бұл бизнестің ағымдағы қызметін жүргізуіне қажетті нақты қажеттіліктерін көрсетеді. Осы бір тренд бұдан былай да сақталады деп есептейміз, өйткені компаниялар операциялық тұрақтылығын нығайтуға және тиімділікті арттыруға ұмтылады. Мемлекеттік қолдаудың белсенді болуы да ШОБ-тың одан әрі өсуіне қолайлы орта қалыптастырады.
– Біздің банкте ШОБ кредиттеудің көлемі қаншалықты өсті?
– 2025 жылдың басынан бері біздің банкте шағын және орта бизнеске берілген қарыздар көлемі 15,3%-ға өсті. Кредиттік портфеліміз жеткілікті деңгейде диверсификация жасалған. Оның басым бөлігі қызмет көрсету, сауда, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі және құрылыс салаларындағы кәсіпорындарға тиесілі.Конец формы
«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы негізінде іс-әрекет етеді.