Нұрбанк, Caspian University және Colvir Software Solutions ынтымақтастық туралы меморандум жасады

Нұрбанк, Caspian University және Colvir Software Solutions ынтымақтастық туралы меморандум жасады

Тараптар практикалық дағдыларға және еңбек нарығының талаптарына бағытталған білім беру экожүйесін құру туралы келісімге келді.

Кәсіби дайындық сапасына қойылатын талаптар артып отырған кезеңде Caspian University, Нұрбанк және Colvir Software Solutions күш біріктіріп, академиялық білім мен индустрияның озық тәжірибесін біріктіру тізбегіндегі маңызды буынға айналуға бағытталған стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бұл келісім академиялық білім және бизнес пен технология саласындағы нақты міндеттерді тоғыстыра отырып, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлаудың негізін қалайды.

Аталған меморандум тараптардың «Бизнес және басқару» және «Ақпарат-коммуникациялық технологиялар» бағыттары бойынша білім алатын студенттерге іргелі пәндерді меңгерумен қатар, заманауи еңбек нарығының талаптарына сай келетін қолданбалы құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін білім беру экожүйесін құру ниетін бекітеді.

Келісімнің басты ережелері

  • Colvir тарапынан білім мен технологиялардың берілуі. Colvir Software Solutions компаниясы университетке өзінің мамандандырылған оқу материалдары мен цифрлық ресурстарын пайдалануға рұқсат береді. Сонымен қатар компания сарапшылары әдістемелік және консультациялық қолдау көрсетіп, тренингтер өткізеді, бұл кәсіби даярлықтың көкжиегін едәуір кеңейте түседі.
  • Нурбанктегі практикалық алаң және мансаптық мүмкіндіктер. Негізгі серіктес ретінде Нұрбанк студенттерді тағылымдамадан өткізуге және бизнес ортаның нақты жағдайларына барынша жақын жобаларға қатысу мүмкіндігін ұсынады. Тағылымдама барысында өзін жақсы қырынан көрсете алған түлектер банктегі бос орындарға үміткерлер қатарында басымдықты тұлға ретінде қарастырылады.
  • Білім беру ортасына цифрлық шешімдерді енгізу. Университет өз кезегінде Colvir ресурстары мен технологияларын оқу үдерісіне үйлесімді түрде енгізе отырып, студенттерге жетекшілер мен тәлімгерлер тарапынан жан-жақты қолдау көрсетулерін қарастырады. Мұндай өзара әрекеттесу моделі теориялық дайындық пен практикалық қызметтің тығыз байланыста болуын қамтамасыз етеді.

Ынтымақтастық студенттердің тек теориялық білім алып қана қоймай, оны банк және IT индустрия саласындағы нақты жобаларда қолдануына мүмкіндік беретін берік білім беру экожүйесін қалыптастыруға бағытталған.

«Нұрбанк» АҚ Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева: «Ғылыми-білім беру әлеуетін, қаржы секторының практикалық тәжірибесін және IT саласындағы инновациялық шешімдерді үйлестіру цифрлық экономиканы дамытуға және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қажетті құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік беретін бірегей синергияны қалыптастырады», — деп пікір білдірді.

«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы негізінде іс-әрекет етеді.

Дереккөз: https://kapital.kz/gosudarstvo/140839/nurbank-caspian-university-i-colvir-software-solutions-zaklyuchili-memorandum-o-sotrudnichestve.html

19.01.2026