Нұрбанк өз транзакциялық сервистерін цифрлық форматта дамытуды жалғастыруда: бұдан былай клиенттер Nur24.kz мобильді қосымшасы арқылы Ria Money Transfer жүйесімен халықаралық ақша аударымдарын жібере алады.
Ria Money Transfer — әлемнің 190-нан астам елін қамтитын халықаралық ақша аударымдарының ең ірі жүйелерінің бірі.
Сервистің артықшылықтары:
Ыңғайлылық: банк бөлімшесіне бармай-ақ, тікелей қосымша арқылы аударым жасау мүмкіндігі.
Шарттар туралы толық ақпаратты Нұрбанктің ресми сайтынан немесе банк бөлімшелерінен білуге болады.
«Біз әрдайым клиенттеріміздің нақты қажеттіліктеріне бағдарда ұстаймыз. Біздегі басты басымдық — қаржылық өмірді жеңілдететін ыңғайлы әрі түсінікті сервистерді жасау. Қазіргі таңда халықаралық аударымдар үлкен сұранысқа ие: бұл жақындарға көмек көрсетуде, шетелде оқып жатқан балалардың күнделікті шығындарын төлеуде орын алуы мүмкін. Nur24.kz қосымшасында Ria Money Transfer арқылы аударым жіберу мүмкіндігін іске қосу — транзакциялық сервистерді дамытудағы тағы бір маңызды қадам. Нұрбанк осы бағытта сервис сапасы мен ыңғайлылығы бойынша көшбасшылар қатарында болуды мақсат етеді», — деп атап өтті Нұрбанктің Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева.
📲 Ria Money Transfer жүйесі арқылы аударым жіберу енді бұрынғыдан да оңай — Nur24.kz қосымшасын ашыңыз да, Нұрбанктің жаңа әрі ыңғайлы сервисін пайдаланыңыз.
«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы негізінде іс-әрекет етеді. Начало формыКонец формы