«Кредиттік Конвейер» ақпараттық жүйесін әзірлеу қызметтерін сатып алу

«Кредиттік Конвейер» ақпараттық жүйесін әзірлеу қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
08.05.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғылы, 10 В
3-қабат, 310 кабинет
28.04.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Мерзімі:
06.05.2025
Уақыт:
12:00
Сауда аяқталуы:
Абай д-лы 10Б, 204 кабинет (кеңсе)

Тендерге 1-Қосымшада (Функционалдық талаптар) көрсетілген талаптарға сәйкес келетін заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.

Front-end / back-end бөлігінде "Кредиттік Конвейер" АЖ-ны әзірлеуге Бизнес-талап (2-Қосымша)

Тендерлік өтінімдерді бағалау критерийлері
  1. енгізу мерзімі
  2. екінші деңгейдегі банктерде / микроқаржы ұйымдарында кредиттік Конвейерді енгізу тәжірибесі
  3. әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі
  4. тендерлік өтінімнің техникалық айрықшамаларға сәйкестігі
  5. сату құны
  6. техникалық қолдаудың болуы/ болмауы және оның құны

Тендерге қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті

Заңды құжаттама
  1. 3-Қосымшада белгіленген форма бойынша Тендерге қатысуға өтінім (ашық Тендерге)
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмелері
  3. белгілі бір қызметті жүзеге асыруға рұқсаттың (рұқсат қағаз жеткізгішінде берілген жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасы) көшірмелері (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыс/қызметтер бойынша қызмет рұқсат алуды талап етсе) немесе мемлекеттік электрондық реестрден үзінді көшірме, хабарламаны алатын мемлекеттік орган берген рұқсаттардың тізілімі және Жеткізуші жіберген хабарландыру туралы хабарламалар (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыс/қызметтер бойынша қызмет хабарламаны жіберуді талап етсе)
  4. уәкілетті тұлға – Жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  5. жеткізушінің Тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты
Қаржы құжаттамасы
  1. Жеткізушінің банктік деректемелерін, Жеткізушінің банк алдындағы мерзімі өткен берешегі жоқтығын және ақша қаражатына билік етуіне шектеулердің жоқтығын растайтын қызмет көрсетуші банктен анықтаманың түпнұсқасы
  2. заңды тұлғаның мөрімен расталған соңғы есепті кезеңдегі заңды тұлғалар үшін қаржылық есептіліктің, жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін салық декларациялардың көшірмелері
  3. жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы
  4. міндеттемелердің уақытылы, толық орындалуы мен басқаларын (бар болса) қоса әріптестік тәжірибесін бағалау мен сипаттамасы бар, жеткізушімен бұрын қызмет істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің түпнұсқасы немесе көшірмелері
  5. Жеткізушінің электрондық сауда алаңында тіркелуі туралы ақпараттың болуы (бар болса)
  6. материалдық-техникалық базасының болуы туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда)
  7. әрекет ету мерзімі кемінде 3 ай болатын баға ұсыныстары (КП)
  8. Тендер өткізілетін алдында 2 (екі) жыл бұрын Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылда салық есебінде залалдар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың / қызметтің (кейін халықаралық іскерлік операцияның мәні болып табылатын, тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша) негізделген бағаларын беруі қажет
  9. Тендерлік комиссияның шешіміне сәйкес басқа да құжаттар

Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты әлеуетті қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген әлеуетті жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша (электронды) хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті қызмет ұсынушының өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, уәкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Тендерлік құжаттаманы ұсынудың соңғы мерзімі 2025 жылдың «06» мамырдың сағат 12:00-де. Құжаттар Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В», 204 каб. мекенжайында орналасқан Банк кеңсесіне (конвертте байланыс деректерін көрсете отырып) аузы желімденген конвертте тапсырылады.

Құжаттама пакетін қалыптастыру мәселелері бойынша

Қаржылық құжаттама:

Сейтнабиев Алмасбек, тел. +7 (727) 2 599 710 (ішкі нөмір 5379), +7 775 323 00 81

Қызметтің ерекшелігі бойынша:

Сейтнабиев Алмасбек, тел. +7 (727) 2 599 710 (вн. 5379), +7 775 323 00 81; Дениско Виктор, тел. +7 (727) 2 599 710 (вн. 5665), +7 777 282 07 67
ASeitnabiyev@nurbank.kz, VDenisco@nurbank.kz

Қатысуға өтінім

№2 Қосымша