«Амбасадор» БО-ға жиһаз сатып алу

«Амбасадор» БО-ға жиһаз сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
05.06.2025
Тендердің басталуы:
14:00
Сауда аяқталуы:
16:00
Алматы қ., Абай даңғылы, 10В
3 қабат, 310 кабинет
23.05.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Мерзімі:
04.06.2025
Уақыты:
12:00-ге дейін
Мекенжайы:
Абай д-лы 10Б, 310 кабинет

Тендерге қатысу үшін қызмет көрсететін әлеуетті жеткізушілерге қойылатын талаптар

Жеткізушілерге қойылатын басты талаптар:
  • Жиһаз 1-Қосымшаға сай тізімге және сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс
  • Орнату алаңына дейін тегін жеткізу («Ambassador» Бизнес орталығында жалға алынған жайға)
  • Тапсырыс беруші белгілеген жеке өлшемдер мен мерзімдер сәйкес жиһазды жасау
  • «Нұрбанк» АҚ-да шот ашу
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте төлем жасауға қабілетті, таратылуға жатпайтын, оның мүлкіне тыйым салынбауы, қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмауы тиіс

Тендерге қатысу үшін құжаттардың төмендегідей жиынтығын тапсыру қажет

Заңдық құжаттама
  1. тендерге қатысуға берілген белгіленген формадағы өтінім
  2. мемлекет лицензиялайтын қызметтің (сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер лицензиялауы тиіс болса) қандай да бір түрін жүргізуге арналған лицензияның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы)
  3. уәкілетті тұлға – жеткізуші өкілінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырған көшірмесі
  4. бірінші басшының жеке басын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырған көшірмесі
  5. жеткізушінің уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысуға берген сенімхаты  
Қаржылық құжаттама
  1. қызмет көрсететін банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткерде банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектердің жоқ екенін растайтын анықтаманың түпнұсқасы
  2. заңды тұлғалардың бір жылғы қаржылық есептілігінің заңды тұлғаның мөрімен расталған көшірмелері, бар болса мөрімен расталған жеке кәсіпкердің салық декларациясының көшірмелері
  3. жеткізуші тіркелген орын бойынша Салық комитетінің салық төлеуге қатысты берешектердің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  4. үміткермен қарым-қатынас жасаған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері, онда қарым-қатынастың сипаттамасы мен сонымен бірге оның міндеттерін (бар болса) уақтылы және толық орындауға берген бағасы көрсетілуі тиіс
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет
  6. ұсынған бағасы
  7. Тендерге дейінгі 2 (екі) жылдағы Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдыңғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың/қызметтің бағасының негіздемесін тапсыруы тиіс (кейін халықаралық іскерлік операцияның нысаны болатын тауар/жұмыс/қызмет сатылымдары бойынша).

Әлеуетті жеткізуші тендер өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды.

Банктің Тендерлік комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін атаймыз.

«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінімді берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтінін немесе өткізілетін жаңа күнді көрсете отырып, кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын жіберу арқылы тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы. 

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы

Тендер әлеуетті қызмет көрсетуші жеткізушінің уәкілетті өкілінің қатысуымен немесе уәкілетті өкіл қатыспаған жағдайда онсыз өткізіледі.

Ұсынылған баға мен құжаттардың топтамаларын жинақтау мәселелері бойынша келесі тұлғаларға хабарласуға болады:

  • Г.Р. Одинаеваға, телефон  8(7272) 599-710, ішкі 4654, +7 7027656666,godinayeva@nurbank.kz
  • М.С. Жангужиноваға, телефон 8 (7272) 599-710, ішкі 5068,+77012218873,mzhanguzhinova@nurbank.kz

№1 Қосымша

Қатысуға өтінім