Бейнебақылау жүйесіне арналған жабдықтарды сатып алу

Бейнебақылау жүйесіне арналған жабдықтарды сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
05.06.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғылы, 10В
3 қабат, 310 кабинет
27.05.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Мерзімі:
04.06.2025
Уақыты:
12:00-ге дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы, 10В, 204-кабинет

Тендерге, тендер өткізілетін сәтте осы хабарландырудың 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келуі тиіс заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.

Тендерге қатысу үшін құжаттардың келесі топтамаларын тапсыру қажет

Заңдық құжаттар
  1. №4-қосымшада белгіленген үлгідегі тендерге қатысуға берілетін өтініш;

  2. Құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің немесе анықтаманың, сондай-ақ жеке кәсіпкердің тіркелгені туралы куәліктің/жеке кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарламаның көшірмелері;

  3. Белгілі бір қызметті жүзеге асыруға берілетін рұқсаттың көшірмелері (рұқсат қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызметті жүзеге асыруға рұқсат алу талап етілсе) немесе мемлекеттік электрондық реестрден рұқсаттар мен үміткер жіберген хабарлама туралы хабарландыруларды қабылдайтын мемлекеттік орган берген аталған құжаттардың көшірмелері (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызметті жүзеге асыру хабарламаны жіберуді талап етсе);

  4. Қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін және ақша қаражатын басқаруда шектеу жоқ екенін растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

  5. Жеткізушінің уәкілетті тұлғасы – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  6. Заңды тұлғаның уәкілетті органының атқарушы органды (басшыны) сайлау (тағайындау) туралы шешімінің нотариалдық түрде расталған көшірмесі.

Қаржылық құжаттар
  1. Заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның соңғы есептік кезеңдегі қаржы есептілігінің немесе жеке, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың салық декларациясының көшірмелерін тапсыруы тиіс

  2. Үміткердің тіркелген мекенжайындағы Салық комитетінен алынған, салықтарды төлеуге қатысты берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы

  3. Бұрын үміткермен ынтымақтаса жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ынтымақтастық тәжірибесіне берген бағалары мен сипаттамаларын қамтитын, оның ішінде міндеттемелердің уақтылы орындалуы, толық орындалуы және т.б. ұсынымдары енген ұсыныстары мен пікірлерінің түпнұсқасы немесе көшірмелері (бар болса)

  4. Үміткердің ЭСП-ға тіркелгені туралы мәліметтер (болған жағдайда)

  5. Материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда)

  6. Уәкілетті тұлға – үміткер өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

  7. Үміткердің уәкілетті тұлғаға тендерге қатысуға берген сенімхаты

  8. Ұсынылған бағасы

  9. Тендерге дейінгі 2 (екі) жылдағы корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдыңғы екі жылдағы салық есебінде шығындар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың/қызметтің бағасының негіздемесін тапсыруы тиіс (кейін халықаралық іскерлік операцияның нысаны болатын тауар/жұмыс/қызмет сатылымдары бойынша)

  10. Тендерлік комиссияның шешіміне сәйкес өзге де құжаттар

Басқа құжаттар
  1. Жабдықтың техникалық сипаттамасы
  2. Жабдықтың сертификаты

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

«Нұрбанк» АҚ тендерге қатысуға өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің өткізілмейтіні немесе кейінге қалдырылғаны туралы жазбаша хабарламасын (электрондық) жібере отырып, тендерді өткізбеуге немесе кейінге қалдыруға құқылы.  

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлғаның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, әлеуетті жеткізуші сұратылған құжаттардың көшірмелерін міндетті түрде searenov@nurbank.kz электрондық поштасына жіберуі тиіс.

Байланысушы тұлға: Аренов Сергей Амангельдиевич тел: +7 (727) 259 9710,(ішкі нөмірі 4610),searenov@nurbank.kz

Қатысуға өтінім