баға ұсынысы
қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтаманың түпнұсқасы
заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің көшірмесі
жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
жеткізушімен бұдан бұрын әріптес болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің міндеттемелерді толық және уақытылы орындауын және басқаларын (болған жағдайда) қоса ынтымақтастық тәжірибесіне берген бағасы мен сипаттамасы қамтылған ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері
өткізілетін Тендердің алдындағы 2 (екі) жылдың Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдынғы екі жылда салық есебінде шығын болған кезде қатысушыға ол ұсынған тауар/қызметтердің (халықаралық іскерлік операциялардың мәні болып табылатын сатып алынатын тауар/жұмыс/қызметтер бойынша) бағаларының негіздемесін беру қажет
келісімшарт бойынша есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-та ашылған банктік шот арқылы жүзеге асыруға жеткізушінің келісімінің растамасы
Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және беруге кеткен шығыстарын өзі көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы ол шығыстарға тендер өткізу сипаттамасы мен нәтижелеріне қарамастан жауапты емес және де өзіне міндеттеме алмайды.
Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспаса, оның қатысуынсыз өткізілетін болады
Заң және қаржы құжаттамалары топтамаларын құруға қатысты сұрақтар бойынша: Тел. +7 (727) 250 00 00, ішкі нөмір 5385, vmorozov@nurbank.kz арқылы Владимир Морозовқа хабарласу керек.
Баға ұсыныстары мен басқа сұрақтар бойынша: тел. 8 (727) 2 599-710, ішкі нөмір 5428, моб. + 7 705 715 6267, anam@nurbank.kz арқылы Анна Намға хабарласу керек.