Жеке тұлғалар үшін мобильді қосымша әзірлеу қызметін сатып алу

Жеке тұлғалар үшін мобильді қосымша әзірлеу қызметін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
18.08.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
16:30
Алматы қ., Абай даңғылы, 10В
3 қабат, 310 кабинет
01.08.2025

Пакеттер мен ұсыныстарды жинақтау

Мерзімі:
18.08.2025
Уақыты:
12:00-ге дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы, 10В, 204-кабинет

Тендерге:

  1. №1 Қосымшада (Функционалдық талаптар)
  2.  №2 Қосымшада (Техникалық сипаттама)

көрсетілген талаптарға сай келуі тиіс заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет жеткізушілер) жіберіледі.

Әлеуетті жеткізушілердің ұсыныстарын бағалаудағы өлшемдер
  • екінші деңгейлі банктерде/микро қаржылық ұйымдарында ЖТ-ға арналған мобильді банкингті енгізу тәжірибесі
  • енгізу мерзімдері
  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сәйкестігі (1-қосымша)
  • тендерлік өтінімнің техникалық айрық шамаларға сәйкестігі (2-қосымша)
  • жүзеге асыру құны
  • техникалық қолдаудың болуы/болмауы және оның құны
  • Функционалдық талаптардың құрамына кірмейтін жеткізуші ұсынатын қосымша сервистер/қызметтер/мобильді қосымшаның функционалдығы (1-қосымша)

Тендерге қатысу үшін құжаттардың келесі топтамаларын ұсыну қажет

Заңдық құжаттама
  1. 3-қосымшада белгіленген формадағы Тендерге қатысуға берілетін өтінім (ашық конкурсқа)
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің немесе анықтаманың немесе жеке кәсіпкердің тіркелгені туралы куәліктің көшірмелері
  3. белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсаттың (егер сатып алынатын тауарларға/жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге қатысты қызметпен айналысу үшін рұқсат алу талап етсе) көшірмелері (рұқсат қағаз тасымалдағышта берілген жағдайда, салыстыру үшін түпнұсқасы) немесе мемлекеттік электрондық реестрден хабарламалар, үзінді-көшірмелер қабылдаумен айналысатын мемлекеттік орган берген рұқсаттардың және Жеткізушінің хабарлама жібергені туралы хабарламалардың үзінді көшірмелерінің (егер сатып алынатын тауарларға/жұмыстарға/көрсетілетін қызметтерге қатысты қызметпен айналысуда хабарлама жіберуді талап етілсе) көшірмелері
  4. уәкілетті тұлға – Жеткізуші өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  5. жеткізушінің уәкілетті өкіліне Тендерге қатысуына берген сенімхаты
Қаржылық құжаттама
  1. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, Жеткізушінің банктік деректемелерін, Жеткізушінің банк алдында  мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  2. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның соңғы есептік кезеңдегі қаржылық есептілігінің, жеке немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлғалардың салықты декларацияларының көшірмелері
  3. Жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  4.  Жеткізушімен бұрын ынтымақтаса жұмыс істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ынтымақтастық жұмыстарына берген бағалаулары мен сипаттамаларын қамтитын, оның ішінде міндеттемелердің уақтылы, толық орындауына және т.б. (бар болса) байланысты ұсынымдары мен пікірлерінің түпнұсқасы немесе көшірмелері
  5. электрондық сауда алаңында Жеткізушіні тіркеу туралы ақпараттың болуы (бар болса)
  6. материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер (қажет болған жағдайда)
  7. кемінде 3 (үш) айға жарамды баға ұсыныстары (ҚБ)
  8. функционалдық талаптарға (1-қосымша) сәйкес әзірлеу құнын айқындау
  9. Тендердің алдындағы 2 (екі) жыл ішіндегі Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жыл ішінде салық есебінде залалдар болған жағдайда, қатысушы ұсынылатын тауарлардың/қызметтердің (кейіннен халықаралық іскерлік мәміленің нысаны болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алуға қатысты) бағасының негіздемесін ұсынуы қажет
  10. Тендерлік комиссияның шешіміне сәйкес өзге де құжаттар

Біз өз тарапымыздан Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін атаймыз

 «Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдерді берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің күшін жою немесе тендерді өткізудің жаңа күнін көрсете отырып, кейінге қалдыратыны туралы жазбаша хабарлама (электрондық) беру арқылы тендерді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Байланысушы тұлға: Ни Андрей, +7 701 786 0460, ani@nurbank.kz

Қатысуға өтінім