Тендерге жеткізушіге қойылатын талаптардың өлшемдеріне жауап бере алатын әлеуетті жеткізушілер жіберіледі
тендерге қатысуға берілетін өтініш;
құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрғаны туралы куәлік) көшірмесі;
мемлекет лицензиялаған қандай да бір қызметті атқаруға берілген лицензиясының (егер сатылатын тауар/жұмыс/қызмет лицензиялануы тиіс болса) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасымен);
жеткізушінің уәкілетті тұлғасының – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
жеткізушінің уәкілетті өкіліне Тендерге қатысуына берген сенімхаты.
Банктің тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты ықтимал қызмет жеткізушілеріне немесе тендерлік өтінімдерді қарауға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын кез келген басқа тұлғаларға жария етпеуге құқылы екенін атап өтеміз.
Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді беру үшін соңғы мерзім аяқталғанға дейін өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті қызмет жеткізушісінің уәкілетті өкілінің қатысуымен немесе онсыз, егер уәкілетті өкіл тендерге қатыспайтын болса, өткізіледі.
Тапсырманың техникалық ерекшелігіне сәйкес құжаттар пакетін қалыптастыру бойынша сұрақтар үшін хабарласыңыз:
+7 (727)2 500 000, ішкі нөмір 4406, vkalsin@nurbank.kz