PCI DSS 4.0.1 стандартының және SWIFT Customer Security Programme талаптарына сәйкес сертификаттау аудитін сатып алу

PCI DSS 4.0.1 стандартының және SWIFT Customer Security Programme талаптарына сәйкес сертификаттау аудитін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
09.10.2025
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғылы 10 «Б»
3 қабат, 310 үлкен мәжіліс залы
26.09.2025

Пакеттер мен ұсыныстар жинағы

Мерзімі:
08.10.2025
Уақыт:
12:00-ге дейін
Мекенжай:
Абай даңғ., 10 «В», кеңсе, №204 кабинет

Тендерге заңды тұлғалар (қызметтердің әлеуетті жеткізушілері) жіберіледі, олар тендер өткізілетін уақытқа қарай №1 Қосымшадағы әлеуетті қатысушыларды іріктеу талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Техникалық айрықшамалар мен бағдарламалық өнімдердің сипаттамасы №1 Қосымшада көрсетілген.

Тендерге берілген өтінімдерді бағалаудағы өлшемдер
  • әлеуетті жеткізушінің жоғарыда аталған талаптарға сай келуі
  • тендерге берілген өтінішінің тендерлік құжаттаманың техникалық айрықшамаларына сәйкес келуі
  • ұсынылған баға
  • төлем шарттары
  • жабдықты жеткізу мерзімі

Тендерге қатысу үшін құжат топтамалары

Заңды құжаттама
  1. тендерге қатысуға берілетін өтініш
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрғаны туралы куәлік)  көшірмесі
  3. мемлекет лицензиялаған қандай да бір қызметті атқаруға берілген лицензиясының (егер сатылатын тауар/жұмыс/қызмет лицензиялануы тиіс болса) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасымен)
  4. жеткізушінің уәкілетті тұлғасының – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  5. жеткізушінің уәкілетті өкіліне Тендерге қатысуына берген сенімхаты
Қаржылық құжаттар
  1. кемінде 12 айға ұсынған бағасы
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында  мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған, заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің, бар болса, мөрмен куәландырылған жеке кәсіпкердің салық декларациясының  көшірмелері
  4. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінен алынған  салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы
  5. материалдық-техникалық базасы туралы мәлімет
  6. Келісімшарт бойынша жеткізген кезде өзара есептерді «Нұрбанк» АҚ-дағы банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімнің растамасы

Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Байланысушы тұлғалар: Алмат Амзежанович Буралкиев +7 (727) 250 00 00 ішкі 4001, aburalkiev@nurbank.kz

Қатысуға өтінім