№1 Лот – 10 бірлік көлеміндегі қайта санау кассасына арналған 2 қалталы банкнот есептегіші
№2 Лот –8 бірлік көлеміндегі УФ детектор
№3 Лот – 2 бірлік көлеміндегі 2 қалталы Вакуумдық орағыш
Тендерге «1-Қосымша – Тендердің әлеуетті қатысушыларын таңдау өлшемдері» файлында баяндалған критерийлерге сәйкес келетін және сынақтан өткізу үшін жабдықтарын ұсынған әлеуетті жеткізушілер жіберіледі. Сатып алынатын жабдықтың техникалық сипаттамалары «2-Қосымша – Техникалық айрықшамалар» файлында берілген
Әлеуетті Жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және ұсынуға байланысты орын алған барлық шығындарды өзі көтереді, ал Банк пен тендерлік комиссия тендерді өткізудің сипатына және тендер нәтижелеріне қарамастан, бұл шығындар үшін жауап бермейді жәнге міндеттелмейді.
Өз тарапымыздан «Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдерді берген әлеуетті жеткізушілерге тендердің күшін жою немесе жаңа күнді көрсете отырып, кейінге қалдыру туралы жазбаша хабарлама жібере отырып, тендерді тоқтатуға немесе кейінге қалдыруға құқылы екенін ескертеміз.
Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің өтінімін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе уәкілетті тұлғаның тендерге қатыспағанына қарамастан, өткізіледі.
Заңдық және қаржылық құжаттар топтамасын жасауға қатысты сұрақтар бойынша Владимир Морозовқа хабарласыңыз.
+7 727 2 599 710 ішкі 5385 vmorozov@nurbank.kz
Басқа құжаттар топтамасын жасауға қатысты сұрақтар бойынша Нафизат Нұрымбетоваға хабарласыңыз.
+7 727 2 599 710, ішкі. 5830 nnurymbetova@nurbank.kz