Тендерге:
өлшемдеріне жауап бере алатын әлеуетті жеткізушілер жіберіледі.
Техникалық айрықшама:
1) тендерге қатысуға берілетін өтініш;
2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаның тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәліктің (Жарғы, қосымша құн салығы бойынша тіркеуге тұрғаны туралы куәлік) көшірмесі;
3) мемлекет лицензиялаған қандай да бір қызметті атқаруға берілген лицензиясының (егер сатылатын тауар/жұмыс/қызмет лицензиялануы тиіс болса) көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасымен);
4) жеткізушінің уәкілетті тұлғасының – өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
5) жеткізушінің уәкілетті өкіліне Тендерге қатысуына берген сенімхаты.
1) техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімі.
2) Алматы қ. өзінің сервис орталығының болуы немесе сервистік қолдау көрсететінін растайтын құжаттар мен өндіруші компанияның сервистік серіктесінің авторлау жасалған ресми өкілеттігінің болуы.
3) Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес.
Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.
Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Құжаттарды техникалық тапсырмаға сәйкес дайындауға қатысты мәселелер бойынша Виталий Игоревич Кальсинмен байланысыңыз:
+7 (727) 2 500 000, ішкі тел. 4406, vkalsin@nurbank.kz