Тендерге қатысуға осы хабарландыруға № 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген талаптарға тендер өткізу уақытына сәйкес келуі тиіс заңды тұлғалар (әлеуетті қызмет берушілер) жіберіледі.
Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес.
Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.
Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.
Алдын ала тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.
Әлеуетті өнім беруші сонымен қатар сұралған құжаттардың көшірмелерін searenov@nurbank.kz электрондық поштасына жіберуі қажет.
Байланыстағы тұлға: Аренов Сергей Амангелдіұлы, тел. +7 (727) 2 500 000 ішкі. 4610, электрондық пошта: searenov@nurbank.kz .