Digital құрылғыларында жарнамалық ақпараттық материалдарды орналастыру қызметтерін сатып алу

Digital құрылғыларында жарнамалық ақпараттық материалдарды орналастыру қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
05.02.2026
Тендердің басталуы:
14:30
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В»
3 қабат, кабинет 310
26.01.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
04.02.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

№ 1 Лот: ҚР аумағындағы Digital құрылғыларында жарнамалық ақпараттық материалдарды орналастыру қызметтерін сатып алу

Кезең: 2026 жылдың ақпан айының ортасы- мамыр айының ортасы (үш ай)

Ролик хронометражы: 10 секунд

Міндетті шарт: тапсырыс берушінің қалауы бойынша локацияны ай сайын ауыстыру

География:

  1. Алматы қ. – кемінде 84 құрылғы
  2. Астана қ. – кемінде 33 құрылғы

Филиалдар бойынша қалада кемінде 2 құрылғы

  1. Көкшетау
  2. Петропавл
  3. Қостанай
  4. Орал
  5. Павлодар
  6. Өскемен
  7. Семей
  8. Тараз
  9. Шымкент
  10. Қарағанды
  11. Ақтөбе
  12. Ақтау
  13. Атырау
  14. Талдықорған
Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар
  • Жеткізуші жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимінде жұмыс істейтін, ҚҚС төлеуші заңды тұлға болуы тиіс.
  • Жеткізуші Келісімшартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін кәсіби құзыретке және жұмыс тәжірибесіне ие болуы, сондай-ақ қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс.
  • Жеткізуші төлем қабілетті болуы, таратылуға жатпауы, жеткізушінің мүлкіне тыйым салынбауы, сондай-ақ оның қаржылық-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тоқтатылмауы тиіс.
  • Бұрын жасалған Келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ тарапынан кінәрат-талаптардың болмауы.
  • Жеткізуші Қазақстан Республикасында тіркелген болуы тиіс.
  • Жеткізушінің Келісімшарт бойынша өзара есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-да ашылған банктік шот арқылы жүзеге асыруға келісімі.
  • Интернет желісінде жарнамалық науқандар жүргізудің оң тәжірибесінің болуы және ұйымдардан алынған алғыс хаттардың ұсынылуы не «Нұрбанк» АҚ-мен ынтымақтастықтың оң тәжірибесінің болуы.
  • Сыртқы жарнама объектілерінде жарнамалық-ақпараттық материалдарды орналастыру бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
  • Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімін дайындауға және ұсынуға байланысты барлық шығыстарды өз мойнына алады, ал «Нұрбанк» АҚ және тендерлік комиссия тендердің өткізілу сипаты мен нәтижелеріне қарамастан, аталған шығыстар бойынша жауапкершілік көтермейді және міндеттемелер алмайды.
  • Төлем шарттары:
    • 100 % алдын ала төлеу.
    • Қызметтерді жабу – ай сайын, есепті кезең үшін орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актісіне Тараптар қол қойғаннан кейін жүзеге асырылады.
Заңдық құжаттар
  1. осы хаттың № 1 Қосымшасына сәйкес, белгіленген форма бойынша қазақ/орыс тілдерінде толтырылған тендерге қатысу өтінімі
  2. заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері
  3. жеткізуші өкілінің - уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі
  4. жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхаты
  5. директорды тағайындау туралы шешімнің және бұйрықтың көшірмесі (мөрімен, қолтаңбасымен). 
  6. ЖШС құру туралы шешімнің, жарғының, сенімхаттың, бірінші басшыны тағайындау туралы бұйрықтың, ЖШС хаттамаларының көшірмелері
Қаржылық құжаттар
  1. баға ұсынысы 
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын анықтамалардың түпнұсқасы;
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның қаржы есептілігінің мөрімен расталған көшірмесі;
  4. жеткізушінің тіркелген жергілікті Салық комитетінің салық төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
  5. жеткізушімен бұрын ынтымақтастық жасаған заңды тұлғалардан / жеке кәсіпкерлерден алынған ынтымақтастық тәжірибесіне берілген бағалар мен сипаттамалар, оның ішінде міндеттемелерді уақтылы және толық орындау және өзге де көрсеткіштер қамтылған ұсынымдар мен пікірлердің көшірмелері (бар болған жағдайда);
  6. Тендер өткізуге дейінгі алдыңғы 2 (екі) жыл үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылда салықтық есепте залалдар болған жағдайда, қатысушы ұсынылатын тауардың / көрсетілетін қызметтің (кейіннен халықаралық іскерлік операцияның нысанасы болып табылатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша) бағасына негіздеме ұсынуға міндетті;
  7. Келісімшарт бойынша есеп айырысуларды «Нұрбанк» АҚ-та ашылған банктік шот арқылы жүзеге асыруға келісімін растау.
Басқа құжаттар
  • техникалық сипаттамалар, жеткізу шарттары, мерзімі
  • Алматы қ. өзінің сервис орталығының болуы немесе сервистік қолдау көрсететінін растайтын құжаттар мен өндіруші компанияның сервистік серіктесінің авторлау жасалған ресми өкілеттігінің болуы
  • Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінімдерін дайындау мен ұсынуға қатысты барлық шығындарды көтереді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендердің өткізілуі мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және шығындарды өтеуге міндетті емес

Банктің Тендер комиссиясы тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға қатысты ақпараттарды әлеуетті қызмет жеткізушілерге немесе тендерге берілген өтінімдерді қарау, бағалау мен салыстыруға ресми қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екенін ерекше атаймыз.

Тендерге қатысуға өтінімдер қабылданатын мерзім аяқталғанға дейін әлеуетті жеткізуші өз өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің өкілетті тұлғасының қатысумен немесе олай болмаған жағдайда, өкілетті тұлға тендерге қатыспаған кезде, оның қатысуынсыз жүргізілетін болады.

Байланысушы тұлғалар:

Құқықтық және қаржылық құжаттама пакеттерін қалыптастыру мәселелері бойынша Морозов Владимир мына телефон арқылы хабарласуға болады: +7 (727) 250 00 00, ішкі 5385,  vmorozov@nurbank.kz.

Баға ұсыныстарына қатысты және өзге де мәселелер бойынша Нам Анна мына телефондар арқылы хабарласуға болады: +7 (727) 2 599-710, ішкі 5428, +7 705 715 6267,  anam@nurbank.kz.

Қатысуға өтінім