Интернет желісінде жарнамалық-ақпараттық материалдарды орналастыру қызметтерін сатып алу

Интернет желісінде жарнамалық-ақпараттық материалдарды орналастыру қызметтерін сатып алу

Тендер түрі:
ашық
Өткізілетін күн:
05.03.2026
Тендердің басталуы:
14:00
Сауда аяқталуы:
18:00
Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В»,
3 қабат, кабинет 310
23.02.2026

Ұсыныстар мен жиынтықтарды жинау

Мерзімі:
04.03.2026
Уақыт:
12:00-ге (қоса алғанда) дейін
Мекенжайы:
Абай даңғылы 10В, 204 кабинет

Критерии выбора поставщика

Лот:  Nurbank.kz интернет-ресурсында келесі сілтемелер арқылы кредит бойынша консультацияға бірегей өтінімдерді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаларға арналған кредиттер (кепілзатсыз кредит, кепілзаттық және кепілзатсыз кредиттерді қайта қаржыландыру) бойынша жарнамалық-ақпараттық материалдарды Интернет желісінде орналастыру қызметтерін сатып алу:   

/person/credits/unsecured-loan/

/ru/person/credits/external-refinancing/

/ru/person/credits/external-refinancing-collateralised-loans/

KPI: жеке тұлғаларға арналған кредиттер (кепілзатсыз кредит, кепілзаттық және кепілзатсыз кредиттерді қайта қаржыландыру) бойынша жарнамалық-ақпараттық материалдардан көшуден алынған, nurbank.kz интернет-ресурсында әлеуетті қарыз алушылар ресімдеген кредит бойынша консультацияға өтінімдер. 

Кезең: 5 ай, 2026 жылдың сәуірі – тамыз айының соңына дейін

Бюджет:  жеткізушінің сыйақысы мен ҚҚС-ті ескере отырып 36 000 000 теңге

География: Қазақстан Республикасы 

Мақсатты аудитория: 25+, ақшаға мұқтаж орташа табысы бар әйелдер мен еркектер.

Құралдар: Goоgle, Яндекс, META, TikTok-та іздеу және контекстік жарнама.

Төлемнің міндетті шарттары:

Жеткізушінің сыйақысы келесі тәртіпте төленеді: 

1) KPI 100%-ға жеткен кезде жеткізушіге Интернет желісінде жарнама орналастыру бойынша қызметтер құнының 100%-ы төленеді.

2) KPI 85%-дан 99%-ға дейін жеткен кезде жеткізушіге Интернет желісінде жарнама орналастыру бойынша қызметтер құнының 85%-ы төленеді.

3) KPI 50%-дан 84%-ға дейін жеткен кезде жеткізушіге Интернет желісінде жарнама орналастыру бойынша қызметтер құнының 40%-ы төленеді.

4) KPI 50%-ға жетпеген кезде Интернет желісінде жарнама орналастыру бойынша қызметтер құны төленбейді.

Төлем шарттары: жарнамалық кабинеттерді толықтыру қызметі мен жарнамалық материалдарды орналастыру қызметі үшін - Тараптар есептік кезеңде орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актіне қол қойғаннан кейін есепті кезеңде (айда) көрсетілген қызметтер фактісі бойынша ай сайынғы кейінгі төлем.

KPI-ға жетпеген жағдайда қызметтер құнын қайта есептеу жарнамалық компанияның орналастыру кезеңі аяқталғаннан кейін қызметтер көрсету қорытындылары бойынша жүргізіледі. KPI-ды орындамағаны үшін пайыздық градация қолданылатынын ескере отырып, жеткізушінің қызметтерінің құны түпкілікті есеп айырысу сәтіне дейін Банк төлеген қызметтер құнынан аз болған жағдайда, жеткізуші Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актіне қол қойылған сәттен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде Банкке қайтару үшін қайта есептелген соманы қайтаруға міндеттенеді.

Тендер өтінімдерін бағалау өлшемдері
  1. Интернет желісінде орналастырылған, кепілзатсыз кредит бойынша жарнамалық- ақпараттық материалдан көшуден, кепілзаттық және кепілзатсыз кредиттерді қайта қаржыландырудан алынған, жеткізушінің сыйақысы мен ҚҚС-ті ескере отырып консультацияға 1 бірегей өтінімнің құны.
  2. Жеткізуші жалпы белгіленген салық режимі бойынша жұмыс істейтін заңды тұлға/ жеке кәсіпкер болуы тиіс.
  3. Жеткізуші кәсіби құзыреттілік пен жұмыс тәжірибесін меңгеруі, келісімшартқа сәйкес міндеттерін орындауға қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы керек.
  4. Жеткізуші төлем жасауға қабілетті, жойылуға жатпайтын, жеткізушінің мүлкіне тыйым салынбаған, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмаған болуы тиіс.
  5. Бұрын жасалған келісімшарттар бойынша «Нұрбанк» АҚ жағынан кінәраттар қойылмауы тиіс.
  6. Жеткізуші Қазақстан Республикасында тіркелген болуы тиіс.
  7. Жеткізушінің Келісімшарт бойынша есеп айырысуын «Нұрбанк» АҚ-да ашылған банктік шот арқылы жүргізуге берген келісімі.
  8. Интернет желісінде жарнамалық кампанияларды жүргізудегі жақсы тәжірибесінің, ұйымның берген мадақтау хаттары болуы керек немесе «Нұрбанк» АҚ-мен жасалған дұрыс ынтымақтастықтың болуы тиіс. 
  9. Тапсырыс берушінің интернет-ресурсында ресімделген өтінімдер түріндегі KPI-мен Интернет желісінде жарнама-ақпараттық материалдарды орналастырудағы 3 жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі болуы қажет.
  10. Әлеуетті жеткізуші өзінің тендерлік өтінішін дайындау мен беруге қатысты барлық шығындарды өзі көтереді, ал «Нұрбанк» АҚ мен тендерлік комиссия тендердің жүргізілу сипаты мен нәтижесінің қандай болғанына қарамастан, бұл шығындар үшін жауапқа тартылмайды және оған міндеттер жүктелмейді.
  11. Төлем шарттары:  

Жарнамалық кабинеттерді толықтыру қызметі мен жарнамалық материалдарды орналастыру қызметі үшін - Тараптар есепті кезең үшін Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) актіне қол қойғаннан кейін есепті кезеңдегі (айдағы) нақты көрсетілген қызметтерге ай сайынғы кейінгі төлем.

Заңдық құжаттар
  1. осы хаттың №1 Қосымшасына сәйкес қазақ/орыс тілдерінде жасалған нысан бойынша белгіленген үлгіде тендерге қатысу өтінімі;
  2. құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
  3. жеткізушінің уәкілетті тұлғасы – өкілінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырған көшірмесі;
  4. жеткізушінің уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысуға берген сенімхаты;
  5. заңды тұлғаның уәкілетті органының атқарушы органды (басшысын) сайлау (тағайындау) туралы шешімі. 
Қаржылық құжаттар
  1. баға ұсынысы; 
  2. қызметін пайдаланып отырған банктен алынған, үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешектерінің жоқ екенін растайтын  анықтаманың түпнұсқасы;
  3. заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған заңды тұлғаның бір жылдық қаржы есептілігінің көшірмесі;
  4. жеткізушінің тіркелген мекеніндегі Салық комитетінің салықтар төлеуге қатысты берешектерінің жоқ екені туралы анықтаманың түпнұсқасы;
  5. жеткізушімен бұдан бұрын әріптес болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің міндеттемелерді толық және уақытылы орындауын және басқаларын (болған жағдайда) қоса ынтымақтастық тәжірибесіне берген бағасы мен сипаттамасы қамтылған ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері;
  6. Өткізілетін Тендердің алдындағы 2 (екі) жылдың Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдынғы екі жылда салық есебінде шығын болған кезде қатысушыға ол ұсынған тауар/қызметтердің (халықаралық іскерлік операциялардың мәні болып табылатын сатып алынатын тауар/жұмыс/қызметтер бойынша) бағаларының негіздемесін беру қажет;
  7. Келісімшарт бойынша есеп айырысуды «Нұрбанк» АҚ-та ашылған банктік шот арқылы жүзеге асыруға жеткізушінің келісімінің растамасы.

Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізілмейтіні, өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге қалдырылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші тендерлік өтінімді қабылдау мерзімінің соңына дейін өз өтінімін түзетуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлға тендерге қатыспайтын болса, оның қатысуынсыз өткізіледі.

 

Байланыс орнататын тұлға:

Морозов Владимир Владимирович

Тел.+7 (727) 250 00 00, ішкі 5385

VMorozov@nurbank.kz

Баға ұсыныстары мен басқа сұрақтар бойынша:  +7 (727) 2 599-710, ішкі нөмір 5840, моб. + 7 701 224 28 95, nankudinova@nurbank.kz арқылы Наталья Анкудиноваға хабарласу керек.

Қатысуға өтінім